Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Уәде

Сабақтың тақырыбы: Уәде.
Сабақтың жалпы мақсаты. «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
– жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;
– балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;
– өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
– жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;
– балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;
– өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Атқарамыз әр істі,
Жақсыға біз лайық
Жауаптылық сезініп,
Уәдеде тұрайық!

Топқа бөлу
Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабаққа байланысты эссені тапсыру.
Жаңа материалмен жұмыс. Мұғалімнің түсіндірмесі: Әңгіме «Өкініш» Атасының тапсырмасын орындап тастамақшы болып Қайырбек қораға қарай беттеді. Дарбазаның сыртынан біреудің ысқырғаны естілді.
– Қайырбек, жүр кеттік. «Бірлік» ауылының балалары келіпті. Осы жолы оларды нөлмен қатырмасақ па?
– Әттеген – ай – а!- деп Қайырбек басын шайқады. – Атам фермадағы бір танысынан есектің қамытын алған екен. «Соны апарып тастарсың»? деп еді.
– Өй, бар болғаны сол ма? Жақып көңілдене күліп қойды.
– Кешке дейін әлі талай уақыт бар. Үлгересің… Көп қиқаңды қойып, бізбен жүр. Олардан өткен жолғы қарымтаны қайтармасақ болмайды. Кездесе кетсе, мазақ қылады.
Қайырбек желкесін қасып сәл тұрды да:
– Мейлі ендеше, – деп, балалармен бірге футбол ойнайтын алаңға тартты. Жолшыбай атасы кездесті.
– Қайырбек шырағым, қамытты апарып бердің бе?
Қайырбек не дерін білмей абдырап:
– Иә, ата, апарып тастадым, – деді.
– Әп, бәрекелді. Өркенің өссін, қарағым!- Атасы риза кейіппен Қайырбекке көзін сығырайта қарап, күміс сақалын уыстай сипап қойды.
Дәйексөз
Мұғалім тақтаға «Уәде берсең – орында» деп жазып қояды және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
– Әңгімеде айтылғандай, адам өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен орындамаса, өзін ғана емес, өзгені де ұятқа қалдырады екен.
– Сендер «Уәде берсең – орында» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
– Сендердің уәде беріп, орындай алмай қалған кездерің болды ма? Болса естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары тыңдалып, өздері қорытындылауға мүмкіндік беріледі:
– Берген уәдені уақытында орындау үлкен жауапкершілікті білдіреді. Ата – бабамыз балаларының жауапкершілікті болып өсуін армандаған, сол үшін де «Уәдені – берсең орында» мақалы ұрпақтан ұрпаққа бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

Мұғалімі: Балғабек Жанар

Уәде. жүктеу


Уәде бастауыш сыныптарына сабақ жоспары адамгершілік құндылығы

© Дереккөзі

Tags: адамгершілік құндылығыбастауыш сыныптарына сабақ жоспарыУәде

Related Posts

Бастауыш сынып

Земля моя, ты будешь раем! Закрепление

Бастауыш сынып

Сложение и вычитание числа 5

Бастауыш сынып

Cу – тіршілік негізі

Бастауыш сынып

Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)

Бастауыш сынып

Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарда білім беру қызметін психологиялық саралаумен қамтамасыз ету

Бастауыш сынып

Тиін туралы

Бастауыш сынып

8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Бастауыш сынып

Оспанхан Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021