Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

У дыбысының дауысты болып айтылуы

Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты болып айтылуы.
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру.
Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Сауаттылықтарын арттыру.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайдтар)
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Жүру барысы
І. Қызығушылықты ояту:
– Шаттық шеңбері
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
4 – жаттығу. Тапсырмасы: Сүйікті мультфильмінің мазмұнын қысқаша жазу.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту:
Тіл

● Ауызекі тіл – Бір – бірін көріп, естіп адамдардың өзара қарыс қатынасы, әңгімелесуі
● Жазбаша тіл – Адамдардың хабарды жазып беруі

IV. Мағынаны тану
А) Жұмбақ шешу:
Уықта бар,
Жайықта жоқ.
Суықта бар,
Қайықта жоқ
(у дыбысы)
Ә) Есіңе сақта!
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
Ереже түсіндіру.
Дауыссыз дыбыстан кейін және сөздің басында дауыссыз дыбыстан бұрын келген у дыбысы дауысты болады: жусан, сусын, умаждау.

Дәптермен, тақтамен, кітаппен жұмыс.

1 – жаттығу.
Санау, тану, болу, сауатты, білу.
Бес жол өлең
1. У
2. дауысты, дауыссыз
3. айтылады, естіледі, жазылады.
4. У дыбысы дауысты дыбыс болады.
5. Әріп.

2 – жаттығу
Қу, ау – лау – дан, іс – теу, қу – лық, қу – а – на – ды, би – леу – ге, кеу – де – сі – не.

Семантикалық карта
Сөздер ——— Дауысты ——– Дауыссыз
Сусын —————+
Уыстау ———————————-+
Қауын ———————————–+
Ауыз ————————————-+
Умаждау ————+
Жусан —————+

3 – жаттығу
Су – лау, қу – а – лау, гу – леу, шу – лау, бу – лау, а – ра – лау, У – һі – леу, у – ра – лау, жу – ық – тау.

ІV. Ой толғаныс:
«Адасқан әріптер» ойыны
(Сусын, оқтау, қалу, тану, білу).

1. У дыбысы қай кезде дауысты болады:
2. Мысал келтір
V Үйге тапсырма: Ереже жаттау
У әрпі бар сөздер жазу

VІ. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға мақтау қағазымен марапаттау.


У дыбысының дауысты болып айтылуы ашық сабақ бастауыш сынып қазақ тілі

© Дереккөзі

To Top