Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Ц дыбысы

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Ц» дыбысы
Сабақтың мақсаты:
1. «Ц» дыбысының дауыссыз екендігін айтып, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
2. «Ц» дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейтінін байқату.
3. «Ц» дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, дұрыс айтуға және жазуға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттырып, білім сапасын арттыру.
Тәрбиелігі: Өздігінен жұмыс істеуге баулу, ойын тұжырымдауға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, түсінгенімен қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, талдау, салыстыру, ойын..
Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ, мультимедиа.

Сабақтың жүрісі: 1 Ұйымдастыру. Оқушыларды жинақтау, сабаққа назар аудару
І – жиын
І. Психологиялық әзірлік
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз,
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім ойда.

2. Үй тапсырмасын пысықтау
Біз қазақ тілінен қандай бөлімді оқып жатыр едік?
– Дыбыс – Бұл саланы зерттейтін тіл білімінің қай саласы?
– Фонетика.
– Біз қандай дыбыстарды өттік?
– Э; В; Ф; Ч; Щ – дыбыстары.
– Қандай дыбыстар байырғы сөздерде кездеспейді?
– Э; В; Ф; Ч – орыс тілінен енген сөздерде барлық буындарда кездеседі.
11 – жаттығу Ребус

3. Жаңа сабақ: «Ц»- қатаң, тіс дауыссыз дыбысымен танысамыз.
Ой шақыру: Жұмбақ шеш.
Көкқұтанша ақ айдында.
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
– Циркуль.- сурет
Циркуль – оқу құралы (затты көрсету)
– Циркуль сөзі қандай дыбыстан басталған?
– Ц дыбысы

Біз бүгінгі сабақта «Ц дыбысын» өтеміз.
Мағынаны тану.
Ц дыбысын айту.
Ц – тіл алды, қатаң дауыссыз дыбыс
Ц дыбысы Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді.

Орыс тілінен енген сөздермен, терминдерге тән.
Ц – қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.
Слайд – Ц дыбысы бар сөздерді есіңде сақта!
Ц – дыбысы бар сөздерді есіңе сақта
Цех, Мотоцикл, Концерт, Цифр

Ц дыбысы. Ол сөздің барлық буынында кездеседі.
Мысалы: А) цех, мотоцикл, концерт, цифр. көрнекілікпен жұмыс.

4. Оқулықпен жұмыс
1 – жаттығу Сөзжұмбақты шешу
1. Ата заң – Конституция
2. Өлшем бірлігі – центнер
3. Сахнадағы ән, би кеші – концерт
4. Санның таңбасы – цифр
5. Көлік түрі – мотоцикл
6. Оқу құралы – циркуль
7. Ойын көрсетілетін орын – цирк

5. Тақтамен жұмыс
2 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып. сөйлемдерді көшіріп жаз.
Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Циркке, цемент, центнер, мотоцикл.

6. Дәптермен жұмыс
3 – жаттығу Өлеңді оқып жатқа жаз. Мағынасын түсіндір 11 – слайд
Цементке, расында,
Целофан қап жарамас.
Центнерлеп тасуда
Цистернадай бола алмас.

7. Сергіту сәті
Сиқырлы телефон – ойыны
4 – жаттығу. Мәтінді оқып, не туралы екенін анықта
Мәтінге ат қой.
Мәтін неше бөліктен тұрады? Әр бөлікте не туралы айтылған.
5 – жаттығу. Ребусты шеш

Ц емен от шешуі Цемент
Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау

8. Қорытынды
Кім тапқыр?» ойыны.
(Суреттерге назар аударып, атауында ц дыбысы бар суреттерді көрсет)
Үйге тапсырма 7 – жаттығу
Бағалау. Мадақтау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Ц дыбысыны дауыссыз фонетика ашық сабақ бастауыш сынып

© Дереккөзі

To Top