Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Шаңырақ

«Шаңырақ» Фариза Оңғарсынова

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңнің мазмұнына ден қоя, Фариза Оңғарсынова өмірін қосымша материалдар арқылы меңгерте отырып, оқып үйретудің әдіс – тәсілдерін дұрыс пайдаланып, өлеңді шын жүрегімен сүйетін білімді ұрпақ қалыптастыру.
Дамытушылық: Теориялық білімін практикамен ұштастыру, теориялық білімдерін одан әрі тереңдету, ойлау есте сақтау қабілетін, дүниетанымын күшейту, ой – өрісін кеңейту, сөйлеу тілін жетілдіру, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ізденістерге баулу арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: қарапайымдылыққа, адамгершілікке, сыйластыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, білімді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі
Көрнекілігі: плакаттар, суреттер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
– Сыныптың тазалығын тексеру
– Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру

Психологиялық дайындық
– Әрбір сабақ
– Үйрену, ұғу, ұлағат
– Әрбір тәрбие
– Әдептілік, әдемілік
– Әрбір ісің
– Шындық пен бірлік
– Әрбір сөзің
– Отанды сүю, азамат болу

Үй тапсырмасын сұрау
«Сиқырлы ұяшықтар»ойыны ойналады
20 20
30 30
40 40
20 – Қаныш Сәтбаев туралы не білесің?
20 – Кіндік шеше деген кім? Ол кісінің сен шеше, жақын адам ретінде қалай түсінесің?
30 – Ғалым Қаныштың мінез-құлқынан қандай жақсы қасиеттер байқадың?
30 – Қаныштың кіндік шешесімен кездескен сәттегі сезімі қандай болды?
40 -«Сидаң» қандай мағынада
40 – Діңгек деген не?
Жаңа сабақ
20 20 90 12 23 37 115

Ш10+10= ————– а 8•4+5=
ң 110 – 20= ———— р 75 – 52=
А12: 6= ——————- қ 90+25=
Ы9+9 – 6=
Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20 – дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді. Фариза апамыз тілші, әдеби қызметкер, «Пионер»журналының бас редакторы, ұстаз, аудармашы, сыншыл ақын, халық жазушысы.
Оқушыларға әр шумақты оқытып мазмұны түсіндіріледі
Шаңырақ
«Отан деген не?»
Дейсің ұлым маған.
Ол – сенің ғұмырлы анаң.
Жөргегіңнен жаныңа сіңіп қалған
Әнің мен жырың, балам!
Отан – мынау өз үйің,
Қара, жаным,
Ойнаған дала, бағың.
Атаң шыққан бұл үйден, әкең шыққан,
Өскен мұнда баяғы бабаларың.
Жасыл орман, тыңдаған бұлбұл әнін,
Асқар тау мың бұлағың.
Отан – есік алдында бірге ойнаған
Өзіңнің құрбыларың.
Отан – үйдің ертеңі, қаны, жаны –
Өзіңдей сан ұланы.
… Ұлым, сенсің кең – байтақ
Біздің үйдің
Кішкентай шаңырағы!
Фариза Оңғарсынова
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп – үлкен боп өседі.
Жаңа сабақты бекіту
Тапсырмалар
1. Ақын ұлын Отан ұғымын қалай түсіндіреді?
2. Өз Отаның жайлы не білесің?
3. Отаныңа деген сүйіспеншілігіңді қалай жеткізген болар едің?
4. «Отан» және «шаңырақ» ұғымдарына ортақ не бар деп ойлайсың?
Елін қорғау
Отансүйгіштік

Елін, жерін, өскен
Шаңырағын аялау
Тарихымызға құрмет көрсету
Үйге тапсырма
«Шаңырақ шаттығым» тақырыбында өлең құрастыру
Бағалау
Оқушыларды мадақтау әдісі бойынша бағалау


Бастауыш сынып шаңырақ Фариза Оңғарсынова бастауыш сынып

© Дереккөзі

To Top