Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов

Жезқазған қаласындағы
№21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы

Тақырыбы: Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов.
Мақсаты: Оқушыны Міржақып Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» атты шығармасынан үзіндімен таныстыру, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, үзіндідегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ – жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. тапсырма: Кім ақын туралы не біледі тақтаға жазу
Міржақып Дулатов кім?
2. тапсырма: сұрақтарға жауап.
Кубизм стратегиясы
1. Шығарма кейіпкерлері кімдер?
2. М. Дулатов алғашқы ұстазы кім?
3. М. Дулатов білім алғаш оқу орынын ата?
4. Тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?
5. Қай елдің жазушыларының кітаптарын көп оқиды?
6. М. Дулатов кімдермен кездескісі келеді?
7. Суреттерімен таныстыру: А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов

3. тапсырма: Мәтінге сүйеніп, төмендегі сызба бойынша Міржақып Дулатовқа сипаттама жаз.

Міржақып

Сыртқы түр – әлпеті: Денесі тығыршықтай жұмыр
Бойы аласалау,
Киімі таза, жинақы
Қимылы шапшаң
Ерекшелігі: Үздік оқуы, өжеттігі, ізденімпаздығы…
Автордың көзқарасы, ойы: Ұран салып халқын өнер – білімге шақырды; елінің терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген; патша үкіметіне қарсылық…

4 – тапсырма; 1. Анасы нені армандады? (ауызша жауап алынды)
Мәтіннен анасының сөзін тауып оқы. Қалай ойлайсың, анасының үміті мен сенімі ақталды ма?

ІІІ. Мағынаны тану:
– Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Міржақып Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» деген өлеңі
– Балалар Шеше сөзінің синонимі ана

Толық нұсқасын жүктеу


Шешенің балаларын сүюі Міржақып Дулатов бастауыш сыныптарына ашық сабақ

© Дереккөзі

To Top