Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Home Бастауыш сынып

Шеңбер және дөңгелек

Share on FacebookShare on Twitter

Математика 3 сынып
Тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек (слайдымен)

Мақсаты:
1. Дөңгелек, шеңбер, радиус, диаметр туралы түсінік қалыптастыру; осы ұғымдарды пайдалана отырып жаттығуларды орындауға, шеңбер және дөңгелектің айырмашылығын, олардың қасиеттерін түсіндіру, меңгерту.
2. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын түрлі әдіс – тәсілдер арқылы арттыру, ойлау қабілеттерін, жұмыс жасау жылдамдығын, таным белсенділігін дамыту.
3. Оқушыларды сабақ барысындағы мәдениеттілікке, дәптерде дұрыс жазуға тәрбиелеу.
Әдістері: түсіндіру, әңгімелесу, салыстыру, көрнекілік, ойын.
Түрі: дәстүрден тыс сабақ
Типі: жаңа материалды меңгерту
Формасы: көпшілік, топтық, жеке.
Принциптері: көрнекілік, түсініктілік.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, қима қағаздар, геометриялық фигуралар.

Өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин
Сәлеметсіздер ме, балалар? Көңіл – күйіміз қалай? Сабағымызды бастауға дайынбыз ба?
Психологиялық дайындық.
Сабағымыз тартымды өту үшін біз бойымызды, ойымызды сергітіп алайық.
Төрт байлық.
Денсаулық бірінші. Жадыңда жүрсінші! (адымдап бір орнында жүр)
Екінші – еркіндік, Құсша самғап желпіндік. (құс боп ұшу)
Үшінші – тіліміз, Онсыз жоқ – ау күніміз. (дөңгеленіп айналып секіру)
Төртінші – күш – қайрат, Арманыңа ұш жайлап! (тік тұру, иығынан қолдарын тік созып, көтеріп түсіру)

2. Үй жұмысын тексеру. 3 мин
Өзін – өзі бағалау әдісі
Көпшілік форма
Өткен сабақты пысықтап алайық. Үйге 103 беттегі №5 есеп берілген болатын. Дәптерімізді ашып, тақтадағы дұрыс жауабымен салыстырамыз.
Алдарыңда өзін – өзі бағалау парағы бар. Әркім өзіне үй тапсырмасын тексеру қатарына баға қойып шығады.

3. Жаңа сабаққа дайындық. 3 мин
Тақырыпты ашу
Ойын әдісі
Жеке форма
Біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. «Қыс мезгіліне дайындық». Яғни, біз әр тапсырманы орындаған сайын қажеттіні жинап, қыс мезгіліне қамданамыз. Оған «Күз ханшайымы» көмектеседі.
Тақтаға назар аударамыз. Біз тақтадан нүктелерді көріп тұрмыз. Осы нүктелерді жалғастыру үшін мына есептерді шығарамыз.
3*6 ——- 6*6
4*6 ——- 6*7
6*10 —— 6*8
6*5 ——- 6*9
Өте жақсы. Жарайсыңдар. Біз есептерді шығардық, яғни қысқы дайындығымыз басталды. Ең алдымен, егінді жинайық.
Нүктелерді қосқанда қандай фигура шықты? Шеңбер.
Жақсы.

4. Жаңа материалды меңгерту. 20 мин
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – «Шеңбер және дөңгелек». Сабақта біз шеңбер мен дөңгелектің айырмашылықтарын, қасиеттерін меңгеретін боламыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Шеңбер және дөңгелек сабақ жоспары математика 3 сынып

© Дереккөзі

Tags: сабақ жоспары математика 3 сыныпШеңбер және дөңгелек

Related Posts

Бастауыш сынып

3 сынып «Түбір мен қосымша»

Бастауыш сынып

Ауа дегеніміз не?

Бастауыш сынып

Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

Бастауыш сынып

Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы

Бастауыш сынып

Қош бол, сүйікті Әліппем

Бастауыш сынып

Алтын балық

Бастауыш сынып

Ө дыбысы мен әрпін қайталау

Бастауыш сынып

Бар байлықтың басы – нан

Бастауыш сынып

Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

Бастауыш сынып

Шыбын мен көбелек

Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021