Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Шыбын, Ара, Көбелек, Маса | Бастауыш сынып

«Шыбын», «Ара», «Көбелек», «Маса».
Білімділік: Мысалды түсініп оқып, ондағы негізгі ойды анықтауға және мазмұны бойынша қорытынды пікір айтуға үйрету. Мысалдың негізгі идеясын ашу.
Дамытушылық: Шығарманың мағынасы мен мәнін, автордың ойы мен мысалдың тәрбиелік ұстанымын айырып, өзіндік ой түю, өз ұстанымы мен көзқарасын еркін, ашық, анық айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өзін тыңдатып, өзгені тыңдай білуге, әбес, жат қылықтардан аулақ болуға, өзгені сыйлап, сол арқылы өзін сыйлата білуге адамгершілік қасиеттерді бойына тоғыстыра білуге тәрбиелеу.

ОСПАНОВ СЕЙІТҚҰЛ (1955 – 2003)
30 наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді.

1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. «Жалын», «Мектеп» баспаларында, «Пионер», «Зерде», «Парасат» журналдарында, «Жетісу» газетінде жұмыс істеді. 1994 – 2003 жж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында аударма секторын басқарды. «Қазақойл» ұлттық мұнай – газ компаниясында қызмет етті.«Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары мен «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Самый сладкий день», «Құлдар көтерілісі» атты проза кітаптарының авторы.

Көбелектердің екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады. Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір топта әр түрлі болады. Қанаттары бір – бірімен ілмек арқылы жалғасады.
Нәзік жанды бунақ денелілер 1 ақ күн өмір сүреді. Арасындағы ең мықтысы 2 күнге дейін шыдаса, рекорд болып саналмақ.
— Алайда, сол 2 күннің ішінде, қолынан келгенше өз жұмысын шебер түрде атқарады. Яғни, мыңдаған гүлдерді тозаңдандырып, болашақ гүлдердің тағдырына тікелей қатысы бар екен.
Бір күнде 1000 тұқымдай тастай алады.
— Тұқымнан құртқа, құрттан қуыршаққа айналады.

Шыбын, қысқамұрттылар – қосқанаттылардың бір отряд тармағы. Жер шарында кең тараған. Бұлардың мұртшалары қысқа, үш бунақты. Денелері жуан, дернәсілдерінің басы, аяқтары болмайды, құрт тәрізді. Қуыршақтары жалған піллә ішінде жатады. Ересек жәндік қуыршақ қабын түзу тігіс бойымен жарып немесе қуыршақ қабының үстіңгі жағындағы дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа шығады.
Шыбын — көптеген жұқпалы ауруларды — дизентерия, асқазан сүзегін, полиомиелитті және басқа қоздырғыштардың таралуына себеп болады; сондай – ақ олар ішек – қарын құрттарының жұмыртқаларын да таратады. Үйдегі шыбын жыл бойына өсіп – өнгіш келеді. Шыбынға қарсы күрестің ең басты шарты — тазалық.
Шыбын, Ара, Көбелек, Маса жүктеу


шыбын мен көбелек мысал әңгімелер Сейітқұл Оспанов жат қылықтардан аулақ болу

© Дереккөзі

To Top