Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Шәкәрім Құдайбердіұлы Бір кесе меруерт

Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы Бір кесе меруерт
Сабақ мақсаты:
1. Мәтіндегі ақынның шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу, әңгіменің мазмұнын түсіндіру.
2. Оқушының сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге, оқығанынан қорытынды шығаруға үйрету.
3. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Болжау, өз пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Түрі. Ауызша сабақ – 2
Технология «БжС»

Ауызша – 2 сабақ картасы
1 кезең
Ұйымдастыру кезеңі.
• Мақсатты айту
• Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі
1. Тірек сөздерді іздеу
2. Жады
3. ҚҚС
4. Тесттік жұмыс
5. ТСҚ
• Көшбасшыға сөз
• Жылдамдық жаттықтыруы
V – Африка, керуен, бидай, меруерт, құм, өлік, жазу

Жаңа сабақ
Тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру. Оқушыларды термин сөздер мен түсініктермен таныстырады.

2 кезең
Оқушылардың субъектті іс – тәжірибесін өзектендіру
Оқушылар мәтінді бір бет параққа 3 минуттық есеппен көңіл аударып оқып, оның ішінен тірек сөздерді табуы тиіс. Оқушылар мұғалімнің рұқсатымен тапқан тірек сөздерін айтады. Мұғалім ООМ белгілейді. Тіпті оқушы бір – ақ сөз тапса да, ол да бір белгілеу алады. Мұғалім барлық оқушылардың тірек сөзді табуына белсенділік танытады. Мұғалім тірек сөздер эталонын сабаққа дейін дайындап қояды.

3 кезең
Қабылдауды ұйымдастыру
Тірек сөздерімен жұмыс. Тірек сөздерге түсінік беру. Тақтаға тақырыпқа байланысты тірек сөздер берілген.
сұрақ
қуаныш
кейіс
Африка
керуен
бидай
меруерт
құм
өлік
жазу
бұлақ
жерлеу
аш адам

4 кезең
Ұғынуды ұйымдастыру
Қарама – қарсы сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.

Қарама – қарсы сұрақтар:
Қария адамнан біреу не деп сұрады?
Жолаушы қайда келе жатыр еді?
Керуеннен неге қалып қойды?
Несі таусылды?
Жолаушы нені көрді?
Неге қатты қуанды?
Кеседегіні не деп ойлады?
Кеседе не тұр екен?
Жолаушы неге қатты ренжіді?
Құмнан не шығып жатыр екен?
Құмды ашқанда нені көрді?
Аш адамға неден түк пайда жоқ?
Оның неше ділдәсі бар еді?
Қанша меруерті бар еді?
Ақша оны қайда жеткізе алмады?
Кімге ақшасы, меруертін тастап, адал болсын деді?
Суға жетуге неше шақырым жер қалған?
Мұны білген жолаушы суға жетті ме?
Жолаушы қалып қойған керуен қайда тынығып жатыр екен?
Әлгі өлікті кім жерледі?
Тасқа не деп жазды?
Жүз ділдәні не істеді?
Бір кесе меруертті не істеді?
Өмірінде неге қатты қуанған екен?
Өмірінде неге қатты кейіген екен?

5 кезең
Түсінудің біріншілік тексеруі
Оқушылардың бірін – бірі тестілеуі. Оқушылар өткен тақырып бойынша тестілер құрастырады және орынға отырғызу матрицасы арқылы сұралады. Өзге оқушының сайт номерін айту арқылы жүзеге асырылады. Бірін бірі тестілеу нәтижесі бойынша белгі қою ережесі:
1. Тестіні шешетін оқушы дұрыс жауабы үшін ООМ қосу белгісін алады.
2. Тестіні шешетін оқушы дұрыс емес жауабы үшін ООМ алу белгісін алады.
3. Тест құраушы оқушы ООМ қосу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынбаса.
4. Тест құраушы оқушы ООМ алу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынса.

6 кезең
Біріншілік бекітуді ұйымдастыру
Тақырыптық сөздік қор.
Мәтіннен сөздер жазу немесе мазмұнын жазу.
37 сөз.
1) Матрицаны толтыру
2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді.
3) ТСҚ – ның пайызы есептеледі.
Түйсіну
4 – 5 белгі – 5 ұпай
3 белгі – 4 ұпай
2 белгі – 3 ұпай
1 белгі – 2 ұпай
Қорытынды
Сапа нормативі оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс

Үй тапсырмасы
4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады


Ауызша сабақ әдебиеттік оқу 3 сынып Шәкәрім Құдайбердіұлы бір кесе меруерт

© Дереккөзі

To Top