Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еріншек»

Ана тілі 4 – сынып
Сабақ тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Еріншек»
Сабақ мақсаты: 1. Қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып. «Еріншек» өлеңімен танысу.
2. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді таныту және оқушылардың өзіндік көзқарасын дамыту.
3. Адамгершілік құндылықтарды адам бойына сіңіру.
Сабақ түрі: Топтық жұмыс
Әдісі: СТО, түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау
Көрнекілігі: слайд, сызбалар
Болжамдап отырған нәтиже: Адамгершілігі мол, биік тұлға қалыптастыру.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау

Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі.
– Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,
Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың.

– Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Балалар, қазір ана тілі сабағы. Сабағымызды бастар алдында мен сендерді 4 топқа бөлгім келіп тұр.
І – топ «Ақыл» тобы
ІІ – топ «Білім» тобы
ІІІ – топ «Денсаулық» тобы
ІV – топ «Бақыт» тобы

ІІ Үй тапсырмасы
– Ендеше үй тапсырмасына кезек берейік. Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
– Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін оқып, мазмұндау болатын және тақырыпқа байланысты ізденіс жұмыстары, шығармашылық тапсырма берілген еді.
– Қане, олай болса, 1 тапсырма бойынша кім айтады? (Балалар бөліктерге бөліп мазмұндайды)
1 – топ Әңгімеде табиғат көрінісі қалай бейнеленген?
2 – топ Жылқы баққан адамның үйі қалай аталады? Қос туралы не айтылған?
3 – топ Жылқы етінің қасиеті қандай? Жылқы терісі жөнінде не айтылған?
4 – топ Мақан жылқышының сөзі. Бұл сөзінде ол не дегісі келді?
Сонымен, қазақ халқы жылқыны неге қастерлеген?

2 – тапсырма
Шығармашылық жұмыс
1 – топ – Жылқыға байланысты өлеңдер
2 – топ – «Жылқы жайында эссе»
3 – топ – Мәтін бойынша суреттеу
4 – топ – Жылқыға байланысты мақал – мәтелдер.(Мағынасы қандай?)

3 – тапсырма
Ізденіс жұмысы
1 – топ Жылқының жасына қарай атаулары
2 – топ Жылқы етінен дайындалатын тағамдар
3 – топ Жылқы терісінен жасалатын бұйымдар. Жылқыға байланысты ойын.
4 – топ Жылқы жүрісі.

– Қазақта мынадай мақал бар екен: «Мал баққанға бітеді»
– Ол үшін не істеу керек?
– Еңбектену керек
– Еңбектенбеген адамды қалай атайды?
– Жалқау, еріншек дейді

ІІІ Жаңа сабақ
Олай болса, бүгін біз Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» өлеңімен таныс боламыз.
1. Ой қозғау
– Балалар, Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы не білесіңдер?
– Шәкәрім Құдайбердіұлы 24. 07. 1858 жылы Қазіргі ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Ол 02. 10. 1931 жылы дүниеден өткен.
Шәкәрім қазақ ақыны
Ойшыл
Сазгер
Аудармашы

Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленген.
Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, өмірінің соңына дейін ағартушылық бағыт ұстанған.
Шәкәрім шығармалары сан – салалығымен ерекшеленеді. «Жастарға», «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлеңдері Абай үлгісінде жазылған.
– Сондай шығармаларының бірі «Еріншек»
– Еріншек сөзінің мағынасы қандай?

– Жалқау,……..

2. Өлеңді мәнерлеп оқу
3. Ой өрбіту
Еріншектік неден пайда болады?
Салақтықтан
Еріншектік
Надандықтан

4. Түртіп алу
Харекет – Әрекет
Ғибадат – Өнеге
Кесел – сор, дерт

5. Мәтінді тізбектеп оқыту
6. Сұрақ-жауап тәсілі.
Өлеңде қандай жағымсыз қылықтар бейнеленген?
– Өзі таза жүре алмас
– Кір – қоңын жуа алмас
– Төсекке мойнын бұрғызар
– Өз бойынан ұялмас.

«Ер еңбегімен озады,
Еріншек езілумен тозады», – деген мақалды қалай түсінесіңдер?

7. Автордың ойы қандай? Қай шумақтан байқаймыз?

1 – тапсырма
Әр топқа сөздер беріп, буын түрлеріне талдау жасау.
1 – топ. Еріншек. Үш буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, үшінші буын – бітеу, жіңішке буынды сөз
2 – топ. Салақ. Екі буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, жуан буынды сөз.
3 – топ. Надан. Екі буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, жуан буынды сөз.
4 – топ. Адамдық. Үш буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, үшінші буын – бітеу, жуан буынды сөз.
2 – тапсырма
1 – топ «Жұбын тап» ойыны
Арам -…. Еріншек -….
Таза -…. Салақ -….
2 – топ «Жалғасын тап»
1. Еріншектің……….
2. Талаптыға……….
3………………. өрге жүзер
4. Еңбек түбі -………………
3 – топ «Топтастыру»
салақ
талапсыз
кір
надан
4 – топ Жағымды, жағымсыз әрекеттерді жазу
Ішіне Сыртына
ІV Жаңа сабақты бекіту.
3 – тапсырма
Екі жақты жазба күнделігі
І – топ
Үзінді Пікір
Еріншектен – салақтық
Салақтықтан – надандық
Бірінен – бірі туады
Жоғалар сөйтіп адамдық

ІІ – топ
Үзінді Пікір
Іс қалдырмас еселі
Ең білімнің кеселі
Кірсе бойдан шығу жоқ
Күн сайын өсер бес елі

ІІІ – топ
Үзінді Пікір
Даулассаң желдей еседі
Өзі айтып, өзі шешеді
Үйір болған кісілер
Жан тыныштық деседі

ІV – топ
Үзінді Пікір
Еріншек, ашу, құмарлық
Бұларды істен шығардық
Жамандықтың басы осы
Кісі болса ұғарлық

– Осы тақырыпқа ұқсас Абай аталарыңның қандай өлеңі бар? «Ғылым таппай мақтанба»
– Абай атамыз қандай – қандай бес нәрсеге асық бол, бес нәрсеге қашық бол дейді?
Бес нәрсе
Асық ————– Қашық
Талап ————– Өсек
Еңбек ————– Өтірік
Терең ой ——— Мақтаншақ
Қанағат ———– Еріншек
Рақым ———— Мал шашпақ

V Қорытынды
Абайдың қара сөзінде былай делінген:
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар
– надандық
– еріншектік
– зұлымдық
Еріншек – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі неден шығады?
ЕРІНШЕКТІКТЕН
VІ Үйге тапсырма
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. «Еріншек» туралы өлең шығару
3. Әңгіме құрастыру


Ана тілі бастауыш сынып Шәкәрім Құдайбердіұлы еріншек

© Дереккөзі

To Top