Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Мысалды түсініп оқып, мағынасын аша отырып негізгі ойды анықтауға үйрету. Оқушылардың ой – өрісін кеңейту.
ә) тәрбиелік: Адамдыққа, адамгершілікке баулу.
б) дамытушылық: Оқушылардың ақыл – ойын, белсенділігін, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту, өз – ойын жүйелі, нақты жеткізе білуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, ой қозғау, проблемалық
Көрнекілігі: Автор портреті, мазмұнды суреттер, сұрақ – жауап үлестірме парақтар, тірек – сызбалар.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері, дүниетану
Техникалық құрал: Мультимедиалық құрылғы

І. Ұйымдастыру
Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
— Сөзжұмбақтардың көмегімен топқа ат қою.
І топ: 2 әріптен қалдыра отырып оқы (ерболістрділеріатк – бірлік)
ІІ топ: жіңішке дауысты дыбысты сызып тастап шыққан сөзді оқы ( ідеоөсетиыәқ – достық)
ІІІ топ: Ұяң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы
(бжгадқвсзыблғыжқ – Жақсылық)

І топ «Бірлік» ІІ топ «Достық» ІІІ топ «Жақсылық»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ой қозғау «Блиц – бақылау» әдісі
Әр топқа өткен тақырыптар бойынша жеті сұрақтан қойылады оқушылар дұрыс жауаптарды айтады, оқушылар жауап номерінің алдына «+» немесе «-» белгісінің бірін қойып отырады
І топ
Cұрақтар келісемін келіспеймін
1. Түркістан – бабаларымыздың көне қаласы. +
2. Түркістан қаласы еліміздің солтүстік аймағында орналасқан. –
3. Түркістан өлеңінде ақын тұран деген сөзді жиі қолданады +
4. Тұранда ертеде Ер түрік, Арыстан баб, қазақ хандығы, Қасым хан, Алаш елі тұрған.+
5. Түрік еліне орыстар, немістер, украиндер жатады –
6. Тұранда хандық құрған Қасым хан.+
7. Абылай хан Түркістанда жерленген. +

ІV. Жаңа сабақ
Ыбырай Алтынсарин
Өмірі жайлы мағлұмат
1. Ыбырай Алтынсарин – жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. (1841 – 1889) Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап Торғай қаласында мектеп ашқан.«Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған.
2. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді түсініп, көзбен оқу. Топқа бөліп оқу
(Автордың сөзін оқу, қарға, көк кептер, жылан, бұғы, Ақжүрек ақсақал)

Сөздікпен жұмыс
Оқушыларға мағынасын түсіну қиындық келтіретін сөздердің баламасын жазу
Ақжүрек – адал, ақ ниетті.
Байлаулы – біреуге, бір нәрсеге тәуелді, меншікті
Дүниеден безу – барлығынан жалыққан пенде.
Түнемек болып – қонатын орын.
Кеңес құрады – ақылдасу, пікір алмасу.
Қастық – біреуге ор қазу.
Тән – адамның жан дүниесі, болмысы.

Сергіту сәті
Балаларға арналған әнмен сергіту
Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?» жүктеу
Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?» слайдты жүктеу


Ыбырай Алтынсарин дүниеде жамандық неден адамдық адамгершілік

© Дереккөзі

Tags: адамгершілікадамдықдүниеде жамандық неденЫбырай Алтынсарин

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021