Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Я дыбысы мен әрпі

Сабақ тақырыбы: Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі.

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
Топқа бөлу: Ұлттық кейіпкерлердің суреттері арқылы топқа бөліну.
1 – топ. Алдаркөсе
2 – топ. Қожанасыр
3 – топ. Тазша бала
ҚР мемлекеттік Әнұранын айту (хор).
«Кубизм» стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап беру:
1) Дыбыс деген не? /естиміз, айтамыз/
2) Әріп дегеніміз не? /көреміз, жазамыз, айтамыз/
3) Дыбыс нешеге бөлінеді? /дауысты, дауыссыз/
4) Дауысты дыбыстар қалай айтылады? /созылып/
5) Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? /қысқа/
6) Дауысты дыбыстарды ата.

Бағалау: смайлик арқылы.
– Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? ( Һһ дыбысы)
– Олай болса, балалар, қазір біз «Тақия тастамақ» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: Мен буынның басын тастай – мын, сендер аяқтайсыңдар. Өткен дыбыстарға байланысты сөздер айту керек. Ша…(һар), айда…(һар), жи…(һаз), қа….(һарман), гау…(һар), мәш…(һүр).
Дескриптор: Білім алушы
– буындарды жалғастырып айтады.
Бағалау: смайлик арқылы.
– Балалар жаңа біз қандай ойын ойнадық?
– Тақия сөзінде соңғы дыбыс қандай?
– Тақия сөзін буынға бөлейікші.
Ендеше, біз я дыбысы мен әрпімен танысамыз.

Сабақтың ортасы
Оқулықпен жұмыс (ҰЖ): – Шаян сөзінде таныс емес қандай дыбыс?
– Дыбыстайықшы. Қандай дыбысқа жатады? – Я дыбысы – дауысты дыбыс. Ол созылып айтылады. Бәріміз айтып көрейікші. Олай болса, балалар, Я дыбысы қосарлы дыбыс, й және а дыбыстарының қосарлануы арқылы естіліп тұр, бірақ жазуда я әрпін пайдаланамыз.
Я дыбысы – дауысты дыбыс. Сөздің көбіне басы мен ортасын – да кездеседі. Орыс тілінен енген яхта сөзінде сөз басында кездеседі.
(Я дыбысының артикуляциясымен таныстыру. Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығын, оның я әрпімен таңбаланатынын түсіндіру).

– Баспа, жазба түрімен танысайық.
аяқ аяз қоян қияр тақия
таяқ саяз шаян пияз зиян
• Хормен оқу
• Тізбектей оқу
• Жекелей оқу.
• Сөздік, буындық – дыбыстық талдау жасау.
Дескриптор: Білім алушы
– сөздерді оқиды, буындық – дыбыстық талдау жасайды.
Бағалау: жұлдызша арқылы

«Шашылған әріп» ойыны. (ТЖ)
я а қ т (таяқ ) о қ н я (қоян) а ш я н (шаян)
Дескриптор: Білім алушы
– әріптерден сөз құрайды.
Бағалау: смайлик арқылы.
Мультфильм: «Алдар көсе мен ұры».
– Ал, балалар, мультфильмнің басты кейіпкері кім екен? Біз кім туралы мультфильм көрдік?
– Алдар Көсе, балалар, қазақ ертегілерінің ақылды айлакері, яғни ол байларды, сараң адамдарды өз ақылдығымен алдайды.
Ол біздің қазақ халқының ұлттық кейіпкері.

Мәтінмен жұмыс (ТЖ):
Алдаркөсе мен бай баласы.
Мәтінді оқып, мазмұнын талқылау.
Мәтін бойынша сұрақтар (ҰЖ):
– Мәтінде кім туралы айтылған?
– Алдар көсе қайда келе жатты?
– Оған кім кездесті?
– Содан кейін не болды?
Дескриптор: Білім алушы
– мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Бағалау: жұлдызша арқылы.
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.

Мұғалімнің аты-жөні: С. Каршалова
Я дыбысы мен әрпі жүктеу


Я дыбысы мен әрпі ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін я дыбысының артикуляциясы қосарлы дыбыстар

© Дереккөзі

To Top