Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Ілік септік

Сабақтың тақырыбы: Ілік септік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, жаңа сабақты меңгерту. Кімнің? Ненің? деген сұрақтарымен таныстыру. Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау.
Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Адамгершілікке, мейірімділікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру, жауапкершілікті сезінуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өз ойларын еркін айта алады, сөздерге дұрыс сұрақ қоя біледі, сөздерді септей алады, өз бетінше жұмыс жасай алады.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер:
Сұрақ – жауап, топтық, жұптық, өзіндік, ұжымдық жұмыс, «Семантикалық карта», «Венн» диаграммасы, «Ой қозғау»,

І. Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық
1. Берілген сөздер арқылы топқа бөліну.
1 топ -«Зат есім» (адам, қала, гүл,…)
2 топ -«Сын есім» (әдемі, қызыл,…)
3 топ – «Сан есім» (алты, бесінші,..)
4 топ – «Етістік» (оқыды, жазды,..)

ІІ. Қызығушылықты ояту
– Оқушылар қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір жылдың қыс мезгілі
– Осы қаңтар айында елімізде қандай шара өтпекші?
– Қаңтар айының 29 – ы ақпан айының 8 – не дейін елімізде 28 – ші Қысқы Универсиада – 17 өтеді.
– Спортшылар Универсиадада қысқы спорттық ойындардың қандай түрлерімен сайысады?
– Спортшылар Универсиадада қысқы спорттық ойындардың 12 түрімен, 543 медальға сайысады. (биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, кёрлинг, хоккей, шаңғы спорты, мәнерлеп сырғанау, фристайл,….)
– Бізде бүгінгі сабаққа белсенді қатысып, Қазақстан спортшылармыздың осы Универсиадада жүлделі орындарды иеленуіне өз үлесімізді қосайық. Біз қысқы спорттың түрлерімен тапсырмаларды орындаймыз.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
«Биатлон» сайысы.
Сұрақ – жауап алысу. «Ыстық орындық» ойыны.
– Зат есім нені білдіреді?
– Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
– Сын есім нені білдіреді?
– Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?
– Сан есім нені білдіреді?
– Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?
– Етістік нені білдіреді?
– Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
– Септіктерді атап бер.
– Атау септіктің сұрақтарын ата.
– Ілік септіктің сұрақтарын ата.
– Ілік септіктің жалғаулары.
– Барыс септіктің сұрақтарын ата.
– Барыс септіктің жалғаулары.
– Табыс септіктің сұрақтарын ата.
– Табыс септіктің жалғаулары.
– Жатыс септіктің сұрақтарын ата.
– Жатыс септіктің жалғаулары.
– Шығыс септіктің сұрақтарын ата.
– Шығыс септіктің жалғаулары.
– Көмектес септіктің сұрақтарын ата.
– Көмектес септіктің жалғаулары.
«Шаңғы жарысы» «Ойлан, тап!» (топтық жұмыс)
Бала, оқулық, жаттығу, бет сөздерін септе.

ІІІ. Жаңа сабақ
«Мағынаны тану»
«Шаңғымен тұғырдан секіру» сайысы
28 – жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?
«Кёрлинг» сайысы
«Ойлан, талқыла»
29 – жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. «Кімнің?» сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, жалғауларды тиісті белгімен белгіле.
– Бірінші жаттығуда қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап беріп еді?
– Ненің?
– Екінші жаттығуда қандай сұраққа жауап беретін сөздерді таптық?
– Кімнің?
– Ал, ендеше осы сұрақтар арқылы не айта аламыз?
Оқушылар ережені өздері шығарып алады.
Ілік септігіндегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді.
Ілік септігі атау септікке – ның, – нің, – дың,- дің, – тың,- тің жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды ілік септіктің жалғаулары деп атайды.

ІҮ. Сергіту сәті
«Ой сергіту жаттығуы» (екі түрлі смайликтер таратылып беріледі. Мұғалім дұрыс айтса күліп тұрған смайликті, қате айтса мұңайып тұрған смайликти көтереді)

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
«10 жалпы білім беру орта мектебі» ККМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Джумабекова Маруза Сарсенбаевна

Ілік септік. жүктеу


Ілік септік бастауыш сыныпқа арналған жоспар қазақ тілінен ашық сабақ

© Дереккөзі

Tags: бастауыш сыныпқа арналған жоспарІлік септікқазақ тілінен ашық сабақ

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021