Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

І дыбысына жаттығу

Сабақтың тақырыбы: І дыбысына жаттығу.
Сабақтың мақсаты: 1. І дыбысына сөз, сөйлем ойлау. Жіңішке дауысты дыбыс екенін меңгерту.
2. Мәтінді жүргізе оқи білуге, ой қозғау. стратегиясын пайдалана отырып оқушыларды
жан – жақты ойлауға үйрету
3. Топтау, ІNSERT стратегиялары арқылы топпен жұмыс істеуге, оз ойларын айта білуге үйрету.
Сабақтың жабдығы: Ватман қағаз, суреттер, кеспе әріптер, доп.
Сабақтың типі: Білімі, іскерлік, дағдыны қолдану.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, көрнекілік, топтау

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру бөлімі:
І. Өтілген материалды пысықтау және бекіту.
1. І дыбысына сөз ойлау, ойын «Допты қағып ал»
2. Көрнекілік жұмыс: Кім? Сұрағына жауап беретін мамандық иелері туралы.

ІІ. Жаңа материалдар бойынша жұмыс.
1. Топтау стратегиясы: (топқа суреттер беріледі. Оқушылар топтайды.)
Аңдар
Құстар
Үй жануарлары
Жемістер
Көкөністер

Біз бүгін аңдар туралы, олардың қайда мекендейтіні туралы «Ін» мәтінінен білеміз.
Ін – мәтінімен таныстыру
Кейбір аңдар ағаш діңін мекендейді. Қоректерін інде сақтайды. Ал борсық пен суыр қыста інде ұйықтайды. Кейін індерін жаңартады. Ондағы қоқысты сыртқа шығарып тастайды.
Індерді кейбір құстар да пайдаланады. Олар індерде жұмыртқалайды. Сонда балапан шығарады.

Мұғалімнің оқу
Іштей оқу
Дауыстап оқу
2. INSERT стратегиясы.
1.(бағандағы сөздерді оқу, мағынасы түсініксіз сөздерге белгі қою).
ешкі елік кілем білек желім
ескі етік ілмек жібек жеңіл

2. Буынға бөлу
3. Дыбыстық талдау жасату
4. Cөздік жұмысы.
Ерлік. Ерлік – батырлыққа, батылдыққа бару.
Кітап – сөздерінің мағынасын Кітап – оқу, білімге шақырады.
Топпен жұмыс
I. топ: Оқу, білім туралы мақал айту.
II. топ: Ел қорғауға әзірміз» – әнін айту.
III. топ: Кітап – білім бұлағы. Эссе жазу.
4. Ойын «Кім жылдам?»
(і – дыбысынан жіңішке дауысты екенін меңгерту).
Т… л… п…
Т… с… с…
Т… к… н…
5. Дәптермен жұмыс.
1. Дәптердегі сөздерді жазу.
2. Сөздік диктант.
А) Тақтаға көрнекілік ілінеді (оқушылар, қасқыр, ешкі, кірпі сөздерін көрнекілік арқылы жазады).

6. Үйге тапсырма. Бағалау.
7. Топтастыру, кубизм стратегиясы.
1. Кубик әр қабырғасына өтілген дыбыстар жазылады.
2. Кубик түскен жағына әр топ сөз ойлап топтастырады.


І дыбысы әліппе ашық сабақ бастауыш

© Дереккөзі

To Top