Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

І дыбысы мен әрпі

Алматы облысы, Алакөл ауданы,
Қабанбай ауылы, «№3 Қабанбай орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі Нусипова Анар Махсатовна

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. І дыбысы, әрпімен таныстыра отырып, оқушылардың оқу қабілеттерін, білім – білік таным ерекшеліктерін арттыру.
2. Тақырыпқа ынта қоюға, оң мақсатын, мазмұнын, болашағын түсініп, іс жүзіне асра білуге дағдыландыру.
3. Өзара көмек және ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:

Дидактикалық материалдар, бүктемелер, кестелер, сөйлейтін әліппе.

Оқыту әдісі: Қызығушылығын ояту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу.
Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
а)– К дыбысы қандай дыбыс?
– Сөздің қай жерінде жазылады?
ә) – Кеме мәтінін тізбектей оқыту, 1 – 2 оқушыға мазмұнын айтқызу.
б) – Өздері үйден ойлап келген к дыбысына байланысты сөздерді айтқызу, сөйлем құрату.
в) Кеме, кесе, мереке, береке сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

Сергіту сәті. Жоғары қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!

ІІІ. Жаңа сабақ:
а) Ал, балалар бүгін біз І дыбысымен танысамыз. Хор мен дыбыстату және қандай дыбыс екеніне дыбыстау арқылы көңіл аударту.
ә) Жұмбақты шешу арқылы бүгінгі танысатын дыбысымызды табуға болады Інде бар,
Аңда жоқ.
Пілде бар,
Қойда жоқ. ( І дыбысы)
б) Құрамында І дыбысы бар сөздің суреттерін көрсете отырып, ішік, ілгіш сөздерінен і дыбысын айырып алу.
в) Сөйлейтін әліппемен жұмыс жүргізу. І дыбысының жіңішке айтылатынына назар аударту.
г) І дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Баспа түрі – Іі, жазбаша түрі – Іі.
д) Мақал – мәтел айтқызу, мазмұнын талдау.
1. Бірлік түбі – тірлік.
2. Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы
3. Ақыл тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
е) Бұл кім? сұрағына жауап беретін мәтінді жұптап оқыту.

Ойын: «Кім тапқыр.» Ауыр – жеңіл, аласа – биік, қара – ақ т. б.

V. Сабақты бекіту.
Тақтамен жұмыс. Сөйлем жазып үйрену: Асан тісін тазалады. Іңкәр ілгішке киім ілді.
Сөздік диктант Із, ін, іш, тірі, тіл, кіші, піл.

VІ. Сабақты қорытындылау:
– Біз бүгін қандай әріп дыбыспен таныстық?
– І қандай дыбыс екен?
– Жаңылтпаш айтқызу.
Үш ішік,
Піштім кеше
Кіші ішік,
Піштім кеше.

VII. Мадақтау.
Сабаққа жан – жақты қатысқан оқушыларды мадақтау.
1, 2, 3
Дем аламыз жинап күш.
«5»- тік баға аламыз
Қуанып үйге барамыз.


І дыбысы мен әрпі сауат ашу сабақ бастауыш сыныптарына

© Дереккөзі

To Top