Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Home Бастауыш сынып

Қазақстан – Республикам менің

Share on FacebookShare on Twitter

Ана тілі. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – Республикам менің. 72, 73 – жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасы туралы айтып өту, түсіндіру. Тасымал туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын; Әнұранын қастерлеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Рәміздері, картасы Елтаңбасының портреті, Төлеген, Мәншүктің портреттері, Абай Құнанбаевтың, Сәкен Сейфуллиннің портреті, тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ түрі.
«Білім шыңына»саяхат.
Сабақтың әдіс – тәсілдері:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, СТО технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка.
Отан деген қалай түсінесіңдер?

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Білім шыңына»саяхат.
І – баспалдақ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұранымыз: «Ойымызды ашайық, алға қарай басайық».
ІІ – баспалдақ. Жаңа сабақ.
Ұранымыз: «Ой қозғайық шаршамайық». Сергіту сәті.
ІІІ – баспалдақ: Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырма.
Ұранымыз: «Біліммен шыңдалайық».
ІV – баспалдақ: Қорытындылау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1) «Отан» өлеңін жатқа сұрау.
2) Сұрақ – жауап.
– Балалар Отан деген не?

– Отан дегеніміз біздің еліміз, туып өскен жеріміз, ата – ана, ауылымыз. т. б.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы деп аталады.

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Кіріспе.
Қазақстан – Тәуелсіз көп ұлтты Мемлекет. Біздің Елордамыз – Астана қаласы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.

2. Сұрақ – жауап.
1)- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
– ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
2) Республикамыздың қандай рәміздері бар?
3) Тудың түсі қандай?
4) Бас қала қай қала?
– Бас қала – Астана қаласы.
3) Оқулықпен жұмыс 85 – бет.
1. Өлеңді тыңдату.
2. Оқушыларға тізбектей оқыту.
3. Өлеңге талдау жұмыстарын жүргізу.
А) Осы өлеңде қандай есімдер аталған?
Төлеген, Мәншүк – Отанымызды жаулардан қорғаған Батыр жауынгер ұлы мен қызы.

Абай Құнанбаев – ұлы данышпан, дана. дара тұлға. Сәкен Сейфуллин – жазушы, сұлулықты жырлаған асқақ ақын.
Сергіту сәті.
Таудың тасында дем аламыз. «Ойыны».
Тауға шықтым өрмелеп,
Шаршап талай бөгелдім.
Жан – жағыма мен кенет,
Қарап едім не көрдім?
Балалар: Аспан, Күн, тас, гүл, құз, құстың ұясы т. б.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Тасымал ережесін сұрау, мысал келтіру.
72 – жаттығу.
Үлгі: Құ – ры – лыс – шы – лар
1) Құ – рылысшылар
2) Құры – лысшылар
3) Құрылыс – шылар
4) Құрылысшы – лар
Шығармашылық тапсырма.
Керекті сөздерді пайдалана отырып, Сөйлемдерді толықтыру.
1) Қазақстан Республикасының Туында… бейнеленген.
2) Оның астында қалықтап ұшқан… көрінеді.
3) Күн, шұғыла және қыран бейнесі… түсті.

IV. Қорытынды:
– Балалар сендер елімізге, жерімізге қандай тілек білдіріп едіңдер?
– Елімізде тыныштық болсын!
– Еліміз бай болсын!
– Соғыс апаты болмасын!
– Бейбітшілік болсын!

Бағалау, мадақтау. Үйге: 85 – бет жаттау.
73 – жаттығу.


Қазақстан Республикасы бастауыш отан сөзді дұрыс тасымалдау қазақ тілі

© Дереккөзі

Tags: бастауышқазақ тіліҚазақстан Республикасыотансөзді дұрыс тасымалдау

Related Posts

Бастауыш сынып

3 сынып «Түбір мен қосымша»

Бастауыш сынып

Ауа дегеніміз не?

Бастауыш сынып

Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

Бастауыш сынып

Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы

Бастауыш сынып

Қош бол, сүйікті Әліппем

Бастауыш сынып

Алтын балық

Бастауыш сынып

Ө дыбысы мен әрпін қайталау

Бастауыш сынып

Бар байлықтың басы – нан

Бастауыш сынып

Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

Бастауыш сынып

Шыбын мен көбелек

Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021