Бастауыш сынып
Қазақ тілін терең білгіштер (сайыс)
Тақырыбы: «Қазақ тілін терең білгіштер» танымдық сайысы.
Мақсаты: Қазақ тілінен алған білімдерін пысықтау, ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Кіріспе: «Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні ғәріп» демекші, бүгінгі 4 – кластар арасында өтетін
«Қазақ тілін терең білгіштер» танымдық сайысына қош келдіңіздер! Ойын алты кезеңнен тұрады.
1. Білгенге маржан 30 сек
2. Кім шапшаң? (Жалпыдан жалқыға көшу) 1 минут
3. Әріп сыры ( Етістік, зат есім, сын есімге С әрпінен басталатын сөздер жазу) 1 минут
4. «Жүйрік болсаң, шауып көр» 30секунд ішінде септіктердің сұрақтарын айту.
5. «Ойы жүйріктің – тілі жүйрік» (Оқушылар сөзінен бірнеше сөз жасау) 1 минут.
6. Ойтолғаныс. «Қазақ тілін терең білу мен үшін…» (Эссе жазу) 2минут.
Осы сайысқа қатысушылардың жауаптарын тыңдап, төрелік ететін бастауыш кластар кафедрасының жетекшісі Тлеулиева Гулайым Шингизовнаға қошемет көрсетейік.
Барысы: Қатысушыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз. Әр топ өз командаларын таныстырып өтсін.
1 – кезең. Білгенге маржан.
6 ұяшық беріледі. Әр топ ұяшық таңдап сондағы сұрақтарға 30 секунд ішінде жауап беруі тиіс. (білмесе, басқа топтан сұралады).
1 ұяшық. Сөз тіркесі дегеніміз не?
2 ұяшық. Қандай сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз?
3 ұяшық. Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
4 ұяшық. Қыстырма сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
5 ұяшық. Күрделі сөздер қандай сөздер?
6 ұяшық. Біріккен сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.
2 – кезең. «Кім шапшаң»
1 минут ішінде кесте толтыру.
Кино атаулары —— Кітап атаулары —— Қала атаулары —— Өзен – су атаулары —— Тау атаулары
3 – кезең. «Әріп сыры»
Барлық топқа ортақ С әрпін беріп, жеребе тастау арқылы 1 минут ішінде С әрпінен басталатын етістік, зат есім, сын есімдерге сөздер жазу.
4 – кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
30 секунд ішінде 7 септікті сұрақтарымен жазып шығу.
5 – кезең. «Ойы жүйріктің – тілі жүйрік»
«Оқушылар» сөзінен бірнеше сөз жасау 1 минут ішінде.
6 – кезең. Ойтолғаныс. «Қазақ тілін терең білу мен үшін…»
Эссе жазу.
Қорытынды: Төрешіге сөз беріп, жеңімпаздарды анықтау.
Қазақ тілі бастауышқа арналған сыныптан тыс жұмыс қазақ тілінен сайыс сабақ
© Дереккөзі
