Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Қалдықпен бөлу және тексеру

Сабақтың мақсаты: Есептер шығара отырып, оқушыларға қалдықпен бөлуді меңгерту.
Міндеттері: Есептер шығарта отырып, оқушыларға қалдықпен бөлуді меңгерту, оқушылардың есептеу дағдыларын, ой қиялдарын дамыту.
Оқушыларға көбейту және бөлуді меңгерте отырып, қалдықпен бөлуге есептер шығартуға дағдыландыру, танымдық іс – әрекеттеріне (дербес, топтық және жаппай жұмыстарына) басшылық жасау.
Оқушыларды өз бетімен жұмыстануға, топпен және жеке жұмыс жасауға тәрбиелеу. Оқушыларды дәлелдеуге, қорытынды жасауға жаттықтыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекіліктері: кеспелер, тест жұмыстары, түрлі – түсті қағаздағы анықтамалар, есептер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Қолымда бар он саусақ
Бес саусағым қолдағы
Бес жұлдыздың тармағы
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
Балалардың арманы

Математикалық диктант
1. Ең үлкен үш таңбалы сан 999
2. Ержан 9 жаста, ал атасының жасы одан 53 жасқа үлкен. Атасы неше жаста?
3. Сантиметрмен өрнекте 4м 4дм 4см
4. Ені 6см, ұзындығы 9см тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
5. Теңдеуді шеш. 48: х=6 х -?
6. Амалды орында: 48: 6 – 49: 7
7. Шаршының ауданы 49см, оның периметрін тап.
8. Бір жәшіктің массасы 20кг, осындай 5 жәшіктің массасы қанша?
9. Орамда 29 метр мата бар еді. Тігінші әрқайсысына 3 метрден жұмсап, бірнеше көйлек тікті. Неше метр мата артық қалды
10. Сағатпен өрнекте: 3сағ 25мин + 4сағ 35мин

Үй тапсырмасын тексеру.
№ 5 157 бет
Теңдеу құр және оны шеш.
а) ойлаған санды 18 – ге арттырса, 22 мен 3 – тің көбейтіндісіне тең сан шығады. Қандай сан ойланған?
х + 18=22 3
х=4
ойлаған санды 18 – ге кемітсе, 27 – нің 3 – ке бөліндісіне тең сан шығады. Қандай сан ойланған? х – 18=27: 3
х=27
Құрылымы күрделі теңдеулерді қалай шешеміз? Теңдеудің оң жағын есептеп шығарып, жай теңдеуге айналдырып аламыз.
Теңдеу дегеніміз не? Құрамында бір белгісіз бар өрнек.
Амалдардың орындалу тәртібі туралы не айтамыз?
Жақшасыз өрнектерде алдымен көбейту мен бөлу амалдары, ал одан кейін қосу мен азайту амалдары жазылу ретімен солдан оңға қарай орындалады.
Көбейту мен бөлудің ерекше жағдайларын атайық.
0• 4=0+0+0+0=0
1• 5=1+1+1+1+1=5
3: 3=1, өйткені 3• 1=3 ———— 2• 0=0
3: 1=3, өйткені 1• 3=3 ———— 2• 1=2
0: 3=0, өйткені 3• 0=0 ————- 2: 0 нөлге бөлуге болмайды
157 – бет Амалды орында және тексер
2: 7=0 (қ 2)
7• 0+2=2
86: 9=9 (қ 5)
5: 8=0 (қ 5)
8• 0+5=5
45: 6=7 (қ 3)
7: 9=0 (қ 7)
9• 0+7=7
25: 4=6 (қ 1)

3, 4, 5 бағандарды әр қатар бөлек шығарады.
I қатар
5: 12=6 (қ 3)
6: 11=3 (қ 3)
8: 15=3 (қ 3)
II қатар
89: 21=4 (қ 5)
78: 15=5 (қ 3)
55: 12=4 (қ 7)
III қатар
12: 17=0 (қ 12)
67: 74=0 (қ 67)
36: 44=0 (қ 36)

Әр қатарда 12 а. – 9 қ. алма а.
Алмұрт ағашы -? 3 есе кем -? (ағаш)
(12• 9): 3 = 108: 3 = 36 (алмұрт ағашы)
108+36=144 (ағаш)
Р (рөл) – оқушылар, көбейту мен бөлуге саяхат
А (аудитория) – оқушылар, ұстаздар
Ф (форма) – сөз есеп құру, шешімін табу
Т (тақырып) – сөз есептің қысқаша шарты
1 – ші қатар
Түске дейін – 54 литр сүт
Түстен кейін – 46 литр сүт 5 ыдысқа бөліп құйылады
Әр ыдысқа -? литр сүт
(54+46): 5=20 литр сүт
2 – ші қатар
I ж. 3 сағатта – 15 бұйым
II ж. 4 сағатта – 16 бұйым -? 5 сағ. бұйым
(15: 3+16: 4) • 5 = 45 бұйым
3 – ші қатар
Әрқайсысы 15 данадан – 6 бума қызылша к.
Әрқайсысы 25 данадан – 8 бума қызанақ к. -? көшет
15•6+25•8=90+200=290 (көшет)
Әр қатар сөзбен есеп құрастыру, оны шешу.
Екі жақты күнделік (иә, жоқ)
1. Көбейту мен бөлу – өзара кері амалдар.
2. 4•3 көбейтінді 12 – бөліндінің мәні.
3. Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда бөлгіш шығады.
4. Фигуралардың бірінің ауданы екіншісінен кіші немесе үлкен болуы мүмкін.
5. Кез келген санды 1 – ге көбейткенде 1 саны шығады.
6. в•4=20 в•5
7. Бір сөреде 7 кітаптан болса, 3 сөреде 23 кітап болады.
8. 8 асықты үш – үштен 2 балаға беруге болады, 2 асық артық қалады.

№ 5 Өрнек түрінде жаз, мәнін тап.
а) х•9+810: 9 х=10
10•9+810: 9=90+90=180
ә) х+90 – 70•10 х=700
700+90 – 70•10=790 – 700=90

№ 6
I қатар
15•3+42: 3=45+14=59
7 – 56: 4=87 – 14=73

II қатар
18•2+12•5=36+60=96
72: 12•10 – 3•7=60 – 21=39

Өзін – өзі бағалау. (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш)
Үйге тапсырма: 158 бет № 7

Ақтөбе қаласы,
№34 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сағынтаева Ғалия Сағынтайқызы


Қалдықпен бөлу және тексеру математика ашық сабақ жоспары қазақ тілі 7 сынып

© Дереккөзі

To Top