Бастауыш сынып
«Қанат туралы хикая» Фариза Оңғарсынова
Сабақтың тақырыбы: Қанат туралы хикая. Ф. Оңғарсынова.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты ашу, өлеңнің мазмұны туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Бала өміріндегі ата – ананың маңызы зор екендігі туралы түсінік беру. Бала бойындағы аяушылық, мейірімділік, ата – анаға деген ыстық сезімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, ата – ананы сыйлауға, өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: Топтық, жарыс сабақ,
Сабақтың өткізу әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Көрнекілігі: топтау, венн диаграммасы, ребус, мақал – мәтелдер.
Пәнаралық байланысы: Дүниетану, ән, қазақ – тілі.
Сабақтық жүрісі:
Психологиялық дайындық: Бір – біріне тілек айту.
Қызығушылықты ояту: ( Үй тапсырмасын тексеру.)
1. Бата дегенді қалай түсінесің? Қандай түрлері бар?
2. Дастарханға берілетін бата
3. Тұсау кесерде беретін бата.
4. Ас қайырғанда берілетін бата
Мақал – мәтелдер; «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді»
«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада»
«Бақыттың басы балада, баланың нәрі анада»
Мағынаны тану: (Суретпен жұмыс) Суретте нені көріп тұрсыңдар?
Құстарды
Венн диаграммасы:
І топ
Жабайы құстар:
Қарлығаш, Қарға, Торғай
ІІ топ
Құстардың ортақ қасиеті
Құстар табиғатқа пайдалы адамға дос
ІІІ топ
Үй құстары:
Тауық, Қаз, үйрек
Миға шабуыл: Біз не жайында сөйлестік?
Құстар. Бүгінгі сабағымыз Ф. Оңғарсынова апамыздың «Қанат туралы хикая» өлеңімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс:
Фариза Оңғарсынова
↓
Дарынды ақын
1939ж дүниеге келген.
Атырау облысында туған.
Автор
Поэзия
кітаптар
Лирикалық өлеңдер
Мәнерлеп оқу кезеңі: 1. Өлең не жайында жазылған?
2. Бала балапанға қарап не ойлады?
3. Ақынның өлеңдегі айтайын деген ойы?
Топтау: І топ Ана
ІІ топ Бала
ІІІ топ Әке
І топ
Ана
Ананың алдында асқар тау да аласа.
Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады
Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді
Ананың сүті – бал
Баланың тілі – бал
ІІ топ
Бала
Балалы үй – базар
Баласыз үй – қу мазар
Бала тәрбиесі басынан
Еңбекке баулу жасынан
Ұлың өссе – мұратың
Қызың өссе – жұратың
Бала бауыр етің
ІІІ топ
Әке
Әкеге бала қорған
Әкең өлсе де, әкесінің көзі көрген өлмесін
Әке көрген – оқ жонар
Шеше көрген – тон пішер
Әкесінің құрдастың баласы құрдас
Ребус:
Құс – тың – қос – қанатын – дай!
Ой толғаныс: 5 – жол өлең жазу.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.
Бағалау.
Ашық сабақ бастауыш сыныптарына қанат туралы хикая Фариза Оңғарсынова
© Дереккөзі
