Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Қаратпа сөз

Ашық сабақ
Тақырыбы: Қаратпа сөз
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың атауы: Қаратпа сөз
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы: А – 3, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаз, суреттер, стикер, маркер, кесте, тест
Жалпы мақсаттар: 1. Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы түсіндіру, сауатты, көркем жазуға машықтандыру.
2. Диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Еңбексүйгіштікке баулу.
Оқыту нәтижесі
Күтілетін нәтиже: Қаратпа сөз және оның тыныс белгілері туралы ережесін біледі.
Сөйлем ішінен қаратпа сөзді таба алады.
Қаратпа сөзі бар сөйлем құрай алады.
Қаратпа сөздің тыныс белгілерін қоя алады.
Топқа бөлу: Мозайка арқылы топтастыру

Ынтымақтастық атмосферасы
Психологиялық тренинг.
Шеңбер жасап тұрайық
Қолымыздан ұстайық.
Сәттілік тілек бәріміз
Сабағымызды бастайық.

«Сіздер білмейсіздер?»
Үй тапсырмасын сұрау
«Мини тест» әдісі арқылы өткен сабақты қайталау.
Тест.
1. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін….. дейміз.
а) бастауыш
ә) баяндауыш
б) тұрлаусыз мүшелер
2. Тек тұрлаулы мүшелерден қана тұратын сөйлем……. деп аталады.
а) жайылма сөйлем
ә) жалаң сөйлем
б) құрмалас сөйлем
3. Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен келсе, арасына…. қойылады.
а) сызықша
ә) үтір
б) нүкте
4. Дауыссыз дыбыстар қатары:
а) ы, і, ұ, ү
ә) в, ч, щ, х, һ, б, г, д, ж, з, л, м, н, б.
б) а, о, ә, е.
5. Етістіктің сұрақтары?
а) Не істеді? Не істейді?
ә) Кім? Не?
Б) Қандай? Қай?

Қызығушылықты ояту
«Күн сәулелері» – Барлығымыз өзімізді күн сәулесіміз деп елестетіп көрейік. Әрбір күн сәулесіне бүгін сабақта не үйренгің келетінін жазып іл.

Мағынаны тану
Жаңа сабақ
Сөйлегенде біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздер болады. Ондай сөздер қаратпа сөздер деп аталады.
Мысалы: Дина, кітабыңды берші.
Ережемен жұмыс
Қаратпа сөз – біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер. Ол сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келеді. Мысалы:
1. Балалар, сабақтарыңды оқыңдар.
2. Сабақтарыңды, балалар, оқыңдар.
3. Сабақтарыңды оқыңдар, балалар.
4. Жолдастар! Бейбітшілік сақталсын!
Қаратпа сөздің тыныс белгілері.
1. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
2. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір оның екі жағынан қойылады.
3. Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады.
Қаратпа сөз сөйлемнің ішінде көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса, леп белгісі қойылады.
Шығармашылық диктант.
1 Өмір жасың ұзақ болсын,…!
2. Ой,…,…! Ойналық та күлелік.
2…., бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар.
4. Рақмет,…!
Керекті сөздер: Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам.
Шығармашылық тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті сурет аттарын өлең сөздеріне ұйқастырып жазып, қаратпа сөздерді табу.
1. Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
2. Кекілік – ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
3. Сауысқан – ау, сауысқан,
Сақтанасың дауыстан.
4. Тырау, тырау, тырналар,
Тамаша әнін тыңдап ал
. Сөйлемдерді оқып, қаратпа сөздерді тап.
Балам, әрбір жер атауының өзіндік тарихы бар.
Қалай, балақай, тауға шыққан ұнай ма?
Біз саған сенім артамыз, Бақыт.
Тезірек жүрейік, қыздар, апай тосып қалды. үлкендерге не айту керек?

Ақтөбе облысы, Алға ауданы,
Новоукраин негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Ілияс Нұргүл Ұзақбайқызы

Қаратпа сөз. жүктеу


Қаратпа сөз қаратпа сөздің тыныс белгілері сауатты жазу көркем жазу қазақ тілінен жоспар

© Дереккөзі

Tags: көркем жазуқазақ тілінен жоспарҚаратпа сөзқаратпа сөздің тыныс белгілерісауатты жазу

Related Posts

Бастауыш сынып

Земля моя, ты будешь раем! Закрепление

Бастауыш сынып

Сложение и вычитание числа 5

Бастауыш сынып

Cу – тіршілік негізі

Бастауыш сынып

Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)

Бастауыш сынып

Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарда білім беру қызметін психологиялық саралаумен қамтамасыз ету

Бастауыш сынып

Тиін туралы

Бастауыш сынып

8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Бастауыш сынып

Оспанхан Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021