Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Қардағы іздер

Тақырыбы: Қардағы іздер
Мақсаты: Қағазға бояумен ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Жануарлардың іздерін қарға түсіріп жаттығу. Табиғаттың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу. Шығармашылыққа деген қызығушылықтарын ояту.
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Сурет салу
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Көрнекілігі: «Қыс көрінісі» суреттері, көгілдір экран, жануарлардың суреттерімен қарда жүрген іздері
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, сергіту, сұрақ – жауап, мадақтау.

Мотивациялық – қозғаушы
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Бүгін бізге көптеген қонақ
апайлар келіпті, бәріміз бірге
шаттық шеңберіне тұрып, келген қонақ апайлармен амандасып алайық.

Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Қайырлы таң достарым
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Жарайсыңдар, балалар!

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қанекей, бәріміз бірге айтайықшы?

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
Балалар, қыс мезгілінде не жауады?
Қардың түсі қандай?
Қарды қолымызбен ұстауға болады ма?
Қардан не жасаймыз?
Қыста немен ойнаймыз?
Қыста күн қандай болады?
Қыста үстімізге не киеміз?
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Балалар, бүгінгі ашық оқу қызметінде «Қардағы іздермен» танысатын боламыз.
Балалар қарды аяғымызбен бассақ қардың сықырлаған дыбысы естіліп, іздері қалады. Адамдар да, құстармен жануарларда қардың үстімен жүргенде іздері қалады екен. Ал балалар қазір біз көгілдір экраннан қардағы жануарлардың іздерін көретін боламыз.
Балалар, бұл ненің дыбысы?
Балалар, ит қалай үреді?
Бұл иттің жүрген ізі.
Балалар не келе жатыр? Қанекей қоянның дыбысын салайықшы?
Қоян қайтеді? Қоянның жүрген ізі.
Ал балалар бізді таңертең не оятады? Бұл ненің дыбысы?
Тауық қалай дыбыстайды? Бұл тауықтың жүрген ізі.
Балалар бұл ненің дыбысы?
Сиырдың дыбысын салайықшы? Сиырдың жүрген ізі.
Жарайсыңдар балалар!
Балалар қазір біз екі топқа бөлініп, қоян мен иттің ізін таспа әдісімен саламыз.
Балалар бояуды ауызға салуға, үстімізге жағуға болмайды, орнымызда ұқыпты отырып бастырамыз.
1. Ең алдымен қоянның аяғын, қолымызға ұстап, бояуға батырып қағаз бетіне бастырамыз.
Балалар, ненің ізі шықты?

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№ 11 «Балапан» бөбекжай – балабақшасы
Тәрбиеші: Көшербаева Ақтоты Тұрсынмұратқызы
Қардағы іздер жүктеу


Қардағы іздер табиғаттың әсемдігі табяғат аясында жануарлардың іздері

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top