Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Home Бастауыш сынып

Қауырсыннан құрастыру

Share on FacebookShare on Twitter

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия

Тақырыбы: Қауырсыннан құрастыру
Мақсаты: 1. Оқушыларды қауырсыннан әртүрлі заттар құрастыруға үйрету қажетті құрал жабдықтармен таныстыру.
2. Әсемдікті сезінуге және ойлау қабілетін жетілдіріп, шығармашылығын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақты игерту
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, практикалық

Көрнекілігі: құс қауырсыны, сым темір, ПВА желімі, гуашь.

Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылар назарын сабаққа аудару
Ә) үй тапсырмасын сұрау, бекіту

II. Жаңа сабақ: Қауырсыннан құрастыру
А) Қызығушылықтарын ояту: Әбдірахман Асылбековтің «Үйрену» өлеңін оқу
Ұзын құйрық инелік
Инелікке тимелік.
Тікұшақты жасадық,
Инеліктен үйреніп.
Бұлбұл үнін қаншалық
Тыңдап жүрдік тамсанып
Ақырында үйрендік
Тамылжыта ән салып.
Аяз шебер суретші,
Салады әсем суретті.
Терезені оюлап,
Өрнектеуді үйретті.

Ә) Мұғалімнің түсіндірмесі: Мұқият қараңдаршы, шеберлердің қолынан шыққан, қауырсыннан жасалған бұйымдар қандай әдемі! Олардың табиғаттан үйренгендігі бірден көзге түседі.
Жұмыс барысында әр түрлі құс қауырсындарын пайдалануға болады. Жұмысты бастамас бұрын қауырсынды жуып, кептіріп, тарау керек. Қазақ халқы дәстүрі бойынша домбыраға, тұскиізге, тақияға, балалар кеудешесіне үкі қауырсыны тағылады.

III. Оқулықпен жұмыс: Гүлдің жасалу ретімен танысу.
Сабағын ұзынырақ сым темірден жасаймыз. Оны гофрирленген жасыл қағаз жолағымен ораймыз (4 – сурет). Сегіз кішкене, сегіз үлкен қауырсын таңдап аламыз (5 – сурет).
Жіңішке алты сым темірді гофрирленген сары қағаз жолағымен ораймыз. Осылайша гүлдің аталық бөлігін жасадық. Олардың ұшын ПВА желіміне маламыз. Содан соң ұнтақ жармаға батырып алып, қызыл түсті гуашпен бояймыз (6 – сурет).

Дайын болған аталық бөлігін сабағына жіппен (7 – сурет) байлаймыз. Ал кішкене мамық қауырсындарды гүл шоғырына орнатамыз. Сонымен гүл жапырақшаларының өзегі дайын болды.
Үлкен сегіз қауырсынды кішкене жапырақшалардан сәл төменірек орналастырамыз. Қосылған жерлерін гофрирленген жасыл қағаз жолақшасымен ораймыз.
IV. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Біп-биік боп өседі.
V. Өздік жұмыс: 2 – 3 – суреттерге қарап аққулар мен күшікті өздігіңнен құрастыр.
VI. Ой толғаныс: 2 – 3 – суреттегі бейнелер туралы не айтуға болады?
VII. Бағалау: сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау
VIII. Үйге тапсырма: мамықтан желім қолданбай аппликация құрастыр


Қауырсыннан құрастыру бастауыш технология

© Дереккөзі

Tags: бастауышҚауырсыннан құрастырутехнология

Related Posts

Бастауыш сынып

3 сынып «Түбір мен қосымша»

Бастауыш сынып

Ауа дегеніміз не?

Бастауыш сынып

Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

Бастауыш сынып

Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы

Бастауыш сынып

Қош бол, сүйікті Әліппем

Бастауыш сынып

Алтын балық

Бастауыш сынып

Ө дыбысы мен әрпін қайталау

Бастауыш сынып

Бар байлықтың басы – нан

Бастауыш сынып

Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

Бастауыш сынып

Шыбын мен көбелек

Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021