Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс

«Еңбекке баулу» сабағы, 2 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
1. Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс істеуге үйрету; қағаз және қатырма қағазды бүктеу тәсілдерін үйрете отырып бүктеу дағдысын қалыптастыру.
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру және қағазды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қағаз түрлері, ашық хат түрлері, интерактивті тақта, электронды оқулық.
Жұмысқа қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, ақ қағаз, қатырма қағаз, қайшы, қарындаш, сызғыш, желім, қол сүртетін сүлгі.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
II. Өткенді пысықтау. Симметрия, асимметрия дегеніміз не? Оны қалай анықтайды?
III. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын қою.
IV. Жаңа сабақ.
Қатырма қағаз тығыз болғандықтан одан ашық хат жасауға болады. Ашық хаттардың түрлері мен өлшемдері әр алуан. Оларды неше түрлі фото суреттермен, түрлі түсті қағаздармен безендіруге болады.
Сарамандық жұмыс:
Алда мейрам келе жатыр. Өзіңе жақын адамдарды қуантқың келе ме? Олай болса ашық хат жасап жақындарымызды қуантайық.
Қағазбен жұмысты оқушыларға түсіндіре отырып орындау үшін оқушылардың назарын интерактивті тақтаға аудару.
Электронды оқулықта берілген ашық хаттың үлгісіне қарап өз бетінше ашық хат жасап, оны әшекейлеу.
Қайшымен жұмыс істеу кезіндегі ережелерді еске түсіру. Гигиеналық талаптарды орындау.
Оқушыларға жұмыстың арасында сергіту жаттығуын жасату:
Орнымыздан тұрайық,
Қолды қолға созайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Демімізді алайық.
V. Түсінгендерін тексеру: Оқушылар тақтаға шығып, электронды оқулықтағы берілген тапсырмадағы қажетті қалыптарды таңдап аппликация құрастырады.
VІ. Бекіту: Оқушының еңбегі, мұғалімнің көмегі.
VІІ. Үйге тапсырма: Жұмыстарын аяқтау, оқу.
VІІІ. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс еңбекке баулу 2 сынып

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top