Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Қой

Сабақтың атауы: Қой
Сабақ мақсаты: Оқушыларға төрт түлік және қой туралы жан – жақты мағлұмат беру, ерекшеліктері, пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.
Оқытудың нәтижелері:
1 Оқушылар төрт түлік туралы мәлімет алады. Өлеңді мәнерлеп оқи алады, өз сөздермен мағынасын айта алады.
2. Бірін – бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3. Шығармашылық қабілеттері артады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: интертақта,
Әдіс – тәсілдер: «Доп лақтыру» оқыта үйрету әдісі, «Сандықша» оқыта үйрету әдісі, « Ой толғау» стратегиясы.

Психологиялық ахуал
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!.
2) Топқа бөліну
– Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасаймыз.
1 – топ: Қошақан
2 – топ: Ботақан
3 – топ: Құлыншақ

Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын тексеру. Тақтадан ертегі түрлеріне байланысты суреттер көрсету. Суреттер арқылы ертегі түрлерін ажырату. «Доп лақтыру» оқыта үйрету әдісі
1 – топ: Жан – жануарлар туралы ертегілерге қандай ертегілер жатады?(Қасқыр мен түлкі, Аңқау арыстан)
2 – топ: Қиял – ғажайып ертегілерге қандай ертегілер жатады? (Ұр, тоқпақ, Шибұт, Қылмойын, Қарынбас)
3 – топ: Шыншыл ертегілерге қандай ертегілер жатады?(Сақина, Байлық пен ақыл)

Мағынаны тану 1. Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру
А) Өзі момын Шопан ата баласы
Жүні жұмсақ, сойсаң тәтті еті бар.
Аппақ қана сүті бар, шағаладай құрты бар,
Бұл қай жануар баласы?

Ә) Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Күн ретін жазу.
2. Сұрақтарға жауап береді.
Қойдың қандай пайдасы бар?
Қойдың пірі қалай аталады?
Қойдың төлі қалай аталады?

3. Топтық жұмыс
– Қойдың пайдасы туралы постерге түсіру
1 – топ: «Қошақан» Жүнінен жасалатын заттар
2 – топ: «Ботақан» Терісінен жасалатын заттар
3 – топ: «Құлыншақ» Сүтінен әзірленетін тағамдар
4. Оқулықпен жұмыс
1 тапсырма
– мақал – мәтел оқу, мағынасын ашу.
2 тапсырма
– өлеңді оқу, оқыту, тізбектеп оқу, ырғақпен оқу, тауып оқу.
Қой жануары жүктеу


Қой жануары үй жануарлары төрт түлік қошақан жануарлар туралы жұмбақ

© Дереккөзі

To Top