Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті )

Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті )

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қосындыны санға көбейту тәсілдерін пысықтауға арналған есептерді әр түрлі тәсілмен шығаруға жаттықтыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін оқушының белсенділігін, түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық іскерлік қабілеттерін арттыру.
3. Коррекциялық: Математикалық тілін, сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
4. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, білімпаз болуға, ақыл – ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, дидактикалық тапсырмалар, үнтаспа, слайдтар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Қызығушылығын ояту.
– Білімді болу дегеніміз не?

IV. Өткен сабақты қорытындылау. №1 Слайд.
– Көбейту дегеніміз не?
– Көбейту амалының компоненттерін ата.
– Бөлу компоненттерін ата.
– Қосу амалының компоненттерін ата.
– Азайту амалының компоненттерін ата.

V. Мағынаны тану.№2 Слайд.
Қосындыны санға көбейту көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
(5+3) х 2 жазуы нені білдіреді?
5х 2 +3 х2 жазуы нені білдіреді?

VI. Оқулықпен жұмыс. № 1 тапсырма мысалдарды шығару. «Саяхатқа шығу»
Бәйтерек 560: 8 музей 200 х4
Мұнай өндіру 650 – 90«Алматы қонақ үйі» 600: 3
70 Астана 650 Көкшетау 200 Алматы
560 Атырау 800 Өскемен Оқжетпес 800 – 15
– Бәйтеректің символы қандай? (Өмір мен өркендеудің символы.)
Оның биіктігі 97 м, шардың диаметрі 22 м шардың ішінде президент қолының ізі бар.

VII. Топтық жұмыс. №2 – тапсырма.
VIII. Тақтамен жұмыс.№3 – тапсырма.(қолайлы тәсілмен есептеу)
IX. Бекіту.№4 тапсырма. Өрнектерді жазып мәндерін табу.
X. Өз бетімен жұмыс.№6 – тапсырма (теңдеулерді шешу)
XI. Тақтамен жұмыс. №7 – тапсырма. Есеп құрастыру, шығару.
XII. Тіл дамыту. « Логоритмика»
XIII. Шығармашылық тапсырма. Тіл дамытуға әрі ана тілі сабағына байланысты берілген өлең жолдарының авторларын табуымыз керек. Ол үшін төмендегі тапсырмаларды орындасақ, дұрыс жауаптың тұсында өлеңнің авторы жазылған

ШҚО, Аягөз қаласы,
«№5 жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш класс мұғалімі Аптимов Серікжамал Ихсанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Қосындыны санға көбейту көбейтудің үлестірімділік қасиеті

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top