Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

«Қыз өссе – елдің көркі» ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Қыз өссе – елдің көркі»

Сабақтың мақсаты: Сынып қыздары арасында кішкентай арулардың өзін – өзін таныстыра білуге, өнерлерін көрсете отырып, ұлттық өнерді үйрету. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, шеберліктерін дамыту. Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Гүлдер, магнитофон, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Жоспары:
1. «Мен қазақтың қызымын»(таныстыру)
2. «Өнерліге өріс кең» (өнер сайысы: ән, би, күй, өлең оқу)
3. «Білгенге маржан» (мақал – мәтелдердің жалғасын табу)
4. Шығармашылық жұмыс ( «Көктем»тақырыбына сурет салу)
5. «Қыздарға әсемдік жарасады» (Сән үлгісін көрсету)

Жүргізуші:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.- дей келе, құрметті аналар, ұстаздар, кішкентай құлпырған қыздар сіздерді көктемнің алғашқы күні мерекелеріңізбен құттықтаймын.
Көктем мерекесіне орай сыныбымызда қыздар арасында «Қыз өссе – елдің көркі»атты «Көктем аруы – 2013»сайысын өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қонақтар! «Қыз өссе – елдің көркі»атты «Көктем аруы – 2013» сайысына қош келдіңіздер. Міне тағыда көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 – наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке – бірлік тілейміз.
Жүргізуші:
Ақын боп әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты сақтап өскен,
Қазақтың аруларын мақтан етем
Жүргізуші:
Жас күнінде жалындау бар, жану бар,
Үлкендерден үлгі өнеге алыңдар.
Көрерменге өнерін паш ететін,
Қош келдіңдер кіп – кішкентай арулар!
Жүргізуші:
Ендеше осы байқауға қатысатын қыздарымызды ортаға шақырайық.

Қыз баланы құрметтеген қазағым,
Аруларға ақындар жыр жазады.
Қошеметпен шақырайық ортаға,
Сайысқа келген өнерлі қыздарымыз Әсемді
2 «а» сынып оқушысы Қыдырбай Әсем

Қазақ елім тәуелсіз боп танылған
Бақыт құсы ұшпаса екен бағымнан.
Көрерменге көрсететін өнерін,
Сайыскер аруымыз бар біздің Асылжан
2 «а» сынып оқушысы Рафаэлова Асылжан

Көктем келді жердің беті қырмызы,
Қыз дегенің ата – ананың құндызы.
Бұл сайыста бар өнерін салатын,
Ортада тұр әсем ару Адина.
2 «ә» сынып оқушысы Жауқаштина Адина

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Ашық тәрбие сағаты қыз өссе елдің көркі қыздарға арналған сайыс жоспары қыз сыны байқау жоспары

© Дереккөзі

Continue Reading
To Top