Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Қысқы киімдер

Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: модуль бойынша алған білімдерін саралап, қорытынды жасау;
Дамытушылық: оқушының ақыл – ойын, білімге деген ынталарын дамыту, сұрақ – жауап беруге машықтандыру;
Тәрбиелік: ұлттық салт – дәстүрге, оның ішінде ұлттық киімге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сөйлесу, әңгімелесу, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: киімдердің, ұлттық киімдердің суреттері, сиқырлы сандық, доп, қуыршақтар, қағазға жазылған сөздер, плакаттар.
Сабақтың мазмұны мен жүрісі.

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу,
оқушылар қонақ мұғалімдермен сәлемдеседі,
оқушыларды түгендеу,
оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Мұғалім сөзі: – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.
Сабаққа дайынсыңдар ма?
Топқа бөлініп отырдыңдар ма? Дайын болсаңдар, сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ – жауаптармен жұмыс.
– Менің қойған сұрақтарыма жауап беріңдер.
Бүгін аптаның қай күні? (бүгін аптаның бейсенбі күні)
Қазір қай ай? (қазір желтоқсан айы)
Желтоқсан айы қай мезгілге жатады?(желтоқсан айы қыс мезгілге жатады)
Тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?(қыс, көктем, жаз, күз жыл мезгілдері)

ІІІ. Жоспар бойынша жаңа материалды баяндау. Топпен жұмыс.
– Балалар, бүгін біз сабақта осы жыл мезгілдерінде киетін киімдерді қайталаймыз, топпен жұмыс істейміз, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз, білімімізді көрсетеміз.
Мына менің қолымдағы сиқырлы сандықта конверттерде топтың аттары жасырылған. Кәне, әр топтан бір оқушы шықсын, топтың атын таңдайық. (сөйтіп төрт топ пайда болады).
Олар: «қысқы киімдер» тобы, «көктемгі киімдер» тобы, «жазғы киімдер» тобы, «күзгі киімдер» тобы.
Енді тапсырмаларға көшейік. (Әр топқа плакаттар таратамын).
Қыста, көктемде, жазда, күзде қандай киімдер киесіңдер? Екі минут уақыт беріледі. Оқушылар жауаптарына қарай «3», «4», «5» деген ұпай алады.
! топ: көктемгі киімдері (күртке, шалбар, бәтеңке, джемпер)
ІІ топ: жазғы киімдері (жейде, көйлек, қалпақ, туфли
ІІІ топ: күзгі киімдері (пальто, күртке, бәтеңке, джемпер)
IV топ: қысқы киімдері (тон, құлақшын, бөкебай, пима, етік, қолғап)
– Ал, балалар, бір – біріміздің жауаптарын тыңдап, қателерді жөндейік. І топ
– Балалар, біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Кәне, оларды қарсы алайық.
(Осы кезде есік қағылып ішке қазақша киінген ұл мен қыз кіреді).
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
– Сәлеметсіздер ме?
– Халдарың қалай?
– Жақсы, рақмет.
– Сендер киімдерді білесіңдер ме?
– Иә, білеміз.
– Жақсы. Ал, біздің үстіміздегі қандай киім, айтыңдаршы?
– Ұлттық киімдер (қазақша киім, қазақ халқының ұлттық киімі)
– Қазақ халқының тағы қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?
– Тақия, бөрік, сәукеле, қамзол, ішік бүрмелі көйлек, шапан, мәсі.
Мұғалім: – Балалар, Қаһарман мен Кәмшаттың киімдерін айтыңдар.
– Кәмшаттың үстінде не бар?
– Бүрмелі көйлек, оюлы қамзол.
– Басында не бар?
– Басында тақия бар.
– Қаһарманның үстінде не бар?
– Қаһарманның үстінде шапан.
– Басында не бар?
– Басында қалпақ бар.
Қонақ оқушылар: – Жарайсыңдар, балалар. Біз кеттік. Сау болыңдар.
– Сау болыңдар.

IV. Бекіту. Дәптермен жұмыс.
– Ал, бізге Дымбілмес келді. Сендер оған 2 – тапсырманы орындауға көмектесесіңдер ме?
– Иә, көмектесеміз.
– Тапсырманы тыңдаңдар. Берілген сөздердегі жоқ әріпті тауып, фонетикалық талдау жасаңдар.(тақтаға әр топтан бір оқушы шығады)
Қ… лақшын, ет… к, к… йлек, бәте… ке
– Балалар, тақтаға қарап, тапсырманы тексерейік.
– Келесі тапсырма «Ойнайық та ойлайық» деп аталады. тәуелдік жалғауын қайталайық. (мұғалім допты лақтырып, «менің» деп айтады. Допты қаққан оқушы «қолғабым» деп айтуы керек. Сөйтіп «қалпақ, етік, көйлек» сөздерімен ойын жалғасады.
Келесі тапсырма «Пирамида» ойыны. Берілген сөздерден сөз өрбіту.
Жейде. Бөкебай.
Мынау – жейде Мынау – бөкебай.
Мынау – менің жейдем. Мынау – менің бөкебайым.


Қысқы киімдер киім түрлерімен таныстыру құлақшын бөкебай пима етік қолғап

© Дереккөзі

Tags: бөкебайетіккиім түрлерімен таныстыруқолғапқұлақшынҚысқы киімдерпима

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021