Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Қыс. А. Құнанбаев

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бердешева Жадыра

Тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев
Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Міндеттері:
1. Қыс мезгілі, оның ерекшеліктері жайлы өлең арқылы түсіндіру. Мәнерлеп оқуын жетілдіру.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету қабілетін салыстыру мүмкіндіктерін дамыту.
3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған жерінің табиғатын сүйе білуге баулу.
Көрнекіліктер: Абайдың суреті, қыс мезгілінің суреттері, музыка.
Әдістері: Сөздік, сұрақ – жауап, ой қозғау, салыстыру.
Типі: Жаңа сабақ.
Ақпараттық құралдар: компьютер, экран, мультимедиалық проектор.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақ.
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қыс айларын ата.
– Бүгінгі ауа райы туралы не айтасыңдар?
– Ал ендеше жұмбақ шешейік.
1. Қыста бар да, жазда жоқ.
2. Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.

3. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр –
Қатты – ақ.

4. Қанаты жоқ – ұшады.
Аяғы жоқ – желеді.
Аузы жоқ – ұлиды.
– Енді қыс дегенде ойларыңа не келетінін топтастырып жазыңдар. (дәптермен жұмыс)
– Қыс несімен сендерге қызықты?
– Қыста ауа райы үнемі осылай жақсы болып тұра ма?
– Мына суреттен ауа райының қандай түрі белгілі болып тұр?
Ендеше бүгін біз сендермен Абайдың «Қыс» өлеңімен танысамыз.

Автор туралы мағлұмат. Абай Құнанбаев
Ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Әжесі Зеренің бауырында өскен. Өте ақылды, зерек бала болған. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Тізбек бойынша 1 шумақтан мәнерлеп оқыту.
Өлеңді талдау. Түсініксіз сөздермен жұмыс.

Сөздік жұмысы.
Соқыр – көзі көрмейді.
Мылқау – естімейді.
Долданғанда – ашуланғанда.
Алты қанат ақ орда – керегеге байланысты киіз үйдің үлкендігі.
Суреттен керегені көрсету. Неліктен алты, он екі, жиырма төрт қанатты екенін түсіндіру.

3. Бекіту.
Сұрақтармен жұмыс.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Ақын қысты кімге теңейді?
2. Абай өлеңіндегі адам бейнесінде айтылған қысты сипатта.
3. Өлеңде балалар туралы не айтылған?
4. Малшы туралы ше?
Қар қыста қай кезде сықырлайды?
– Мына суретті ақын өлеңімен салыстыр. Қандай ұқсастығы бар.

Бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Өлеңді жаттау.
2. Ақынның қысты суреттегенін пайдалана отырып шығарма жазу.


Қыс Абай Құнанбаев бастауыш сынып сабақ жоспары қыс өлеңі Абай

© Дереккөзі

Tags: Абай Құнанбаевбастауыш сыныпқыссабақ жоспары қыс өлеңі Абай

Related Posts

Бастауыш сынып

3 сынып «Түбір мен қосымша»

Бастауыш сынып

Ауа дегеніміз не?

Бастауыш сынып

Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

Бастауыш сынып

Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы

Бастауыш сынып

Қош бол, сүйікті Әліппем

Бастауыш сынып

Алтын балық

Бастауыш сынып

Ө дыбысы мен әрпін қайталау

Бастауыш сынып

Бар байлықтың басы – нан

Бастауыш сынып

Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

Бастауыш сынып

Шыбын мен көбелек

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021