Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Қыс

Сабақтың тақырыбы: Қыс
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушылардың «Қыс» тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс айтуын талап ету.
2) Дамытушылық: тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру, сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнектілігі: Саяхат картасы, «Күз», «Қыс»
Тақырыптарына байланысты суреттер, автобус (қағаз).
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: Ойын әдісі, автобуспен саяхат жасау, сөйлеу.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Фонетикалық жаттығу: Алға бір адым, артқа бір адым
Отырамыз, тұрамыз.
Сабақта «бес» аламыз.
Ал енді балалар, мына жұмбақты шешімін табыңдар.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қыс», мақсатымыз «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді білу, ол сөздерді дұрыс оқып, айта білу.
Балалар, біз бүгін «Қысқы әлемге саяхат» жасаймыз. На этом автобусе по путешествуем. Аялдамаларда тоқтап, білімдерімізді тексереміз. Балалар саяхатқа дайынсыңдар ма?
Бұл саяхатқа кімдер барады екен? Танысып қоялық.
Сенің атың кім?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Сен қайда тұрасың?
Ал енді автобусқа мінелік, дұрыс отырыңдар.
Сөздік жұмысы.

1 – аялдама «Сөздік алқабы».
Оқушылар «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді мұғалімнен кейін қайталайды (хормен бір – бірден).
2 – аялдама «Күз».
а) Күз айларын атаңдар.
б) Күзде не болады?
Жаңбыр жауады. Жапырақ сарғаяды. Күн салқындайды.
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қауын, қарбыз, алма, алмұрт піседі.
Кім «Күз» туралы өлең оқиды?

3 – аялдама «Қыс».
Оқулықтың 67 бетіндегі «Қыс» мәтінін оқу, аудару.
«Қыс» туралы өлең, жұмбақ айту.

4 – аялдама «Киім дүкені». Балалар, дүкенде қысқы жылы киімдер бар екен. Суреттерді көрсету, балалар киімдерді атап береді.
Сергіту сәті: Бала, бала, балақан
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт
Былай – былай ойнат.

5 – аялдама «Орфография мұражайы». Мұражай қызметкерлері мынадай тапсырма дайындап қойыпты. Сөйлемдерге қажетті сөздерді тауып, дұрыс қойыңдар.
Қыс айлары: желтоқсан,……, ақпан.
Адамдар үстіне……… киеді.
Адамдар қолына……… киеді.
Адамдар аяғына……… киеді.
Қыста…… жауады.
Қыста…… қатады.

6 – аялдама «Құттықтау алаңы». Оқушылар мерекелерді атап, қонақтарды құттықтайды.
Сабақты бекіту.
Оқушылармен бірге сабақта жасалған жұмысты қорыту.
Оқушылардың еңбегін бағалау.

Петропавл каласы,
Мағжан Жұмабаев ауданы, Бастомар Орта мектебі
Габдуллина Шолпан Амангельдиевна


Қыс туралы ашық сабақ сауатты жазу бастауыш сыныптарына арналған

© Дереккөзі

Tags: бастауыш сыныптарына арналғанқыс туралы ашық сабақсауатты жазу

Related Posts

Бастауыш сынып

Ана тілі бойынша сабақтың жоспары (2 сынып)

Бастауыш сынып

Еңбекпен тапқан тиын

Бастауыш сынып

Ұстаз

Бастауыш сынып

Еңбектің наны тәтті

Бастауыш сынып

Тест 1 сыныптарға арналған

Бастауыш сынып

Қысқа мерзімді жоспарлар (әдебиеттік оқу 4 сынып)

Бастауыш сынып

М. Әлімбаев «Әнші Әміре»

Бастауыш сынып

Абылай хан

Бастауыш сынып

Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021