Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Қ дыбысымен таныстыру

Сауат ашу
Сабақтың мақсаты:
1. Қ дыбысымен таныстыру, қ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге үйрету.
2. Ойлау, есте сақтау, тілдерін дамыту.
3. Әдемі, таза жазуға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын.
Көрнекілік: әліппе – дәптер, әріптер, текшелер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын сабаққа аудару үшін «Шаттық шеңберін»өткізу.
2. Өткенді қайталау
– Дыбыс дегеніміз не?
– Әріп дегеніміз не?
– Дыбыстар нешеге бөлінеді?
– Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
О дыбысына байланысты сөз, сөйлем құрату, буынға бөлгізу.

3. Жаңа сабақ.
Сабақты жұмбақ жасырудан бастау.
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)

Екі айыр құйрықты,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі. (Қарлығаш)

-«Қоян», «қарлығаш» деген сөздерде бірінші қандай дыбыс естіледі?
– Қ дыбысы (Қ дыбысының әріп таңбасын көрсету)
Хормен Қ дыбысын бірнеше рет қайталау.
– Қ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
– Дауыссыз.
– Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
– Көк түсті.

2. Суретпен жұмыс (интерактивті тақта)
– Балалар, тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар?
– Қалам, бақа, тарақ.
Осы сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, Қ дыбысының сөздегі орнын анықтату.
(сөздің басы, ортасы, аяғында)

4. Дәптермен жұмыс.
Ққ әрпінің баспа түрін жазу.

5. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Биік – биік өседі.

6. Карточкамен жұмыс.
Берілген сөздердің арасынан Қ дыбысын тауып көк түсті қарындашпен сызу.

7. Ойын «Кім жылдам?»
Қ дыбысынан басталатын сөздер айту.

8. Қорытынды.
– Балалар, бүгін біз сауат ашу сабағында не істедік?
– Қ дыбысы қандай дыбыс?
– Қ дыбысы сөзде қалай орналасады?
– Қандай түсті текшемен белгілейміз?
Балаларды мадақтау, сабаққа белсенді қатысқан балаларды атау.


Қ дыбысымен таныстыру сауат ашу ашық сабақ бастауыш

© Дереккөзі

To Top