Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Қ дыбысы және әрпі

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі
Оқу іс – әрекетінің мақсаты:
1. Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, таза сөйлеуге үйрету.
2. Сөз, сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын дамыту.
3. Қазақ халқының асыл қазынасын бағалауға тәрбиелеу.
Оқу іс – әрекетінің көрнекіліктері: тақырыпқа байланысты слайдтар, әріптер, текшелер
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету.

Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру – ізденушілік
Алақанды ашайық
Көкке қолды созайық.
Күннің нұрын алайық
Жүрегімізге салайық
Жиналған жылы шуақты
Бәрімізге шашайық!

Жұмбақ жасыру
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.
Жауабы: қар
– Қар сөзі қандай дыбыстан басталады?
– Қ дыбысы қандай дыбыс?

– Бүгін біз қ дыбысымен танысамыз.
Баспа түрінің бас және үлкен әріптерімен таныстыру.
Суретпен жұмыс.
– Суреттен не көріп тұрсыңдар? (сырмақ)
– Оны неден жасайды?
– Сырмақты қандай оюлармен әшекейлеген?
Сырмақ және онда салынған ою түрлері туралы толықтырып әңгімелеу.

Дәптермен жұмыс.
Ұшақ, қобыз, тышқан сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы қ дыбысының орнын ажыратқызу.
Балаларға қ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлап айтуды ұсыну.
Сергіту сәті.
«Көңілді күн» әуеніне қимыл – қозғалыстар жасау.
Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып, хормен, жекелеп оқыту.
Үлгі бойынша қ дыбысының бас және кіші әрпін бастырып жазады.

Сөзжұмбақ шешу.
1. Заттар салу үшін ағаштан жасалған төртбұрыш жиһаз.
2. Басқа төсеп ұйықтауға арналған зат.
3. Ас ішетін құрал.
Дидактикалық ойын.
«Сөз ойла, тез ойла»
Мақсаты: Балаларды ой шапшаңдығына үйретеді.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы,
Герасимовка ауылы, Герасимовка орта мектебінің
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Муздапарова Райгуль Адиковна
Қ дыбысы және әрпі жүктеу


Қ дыбысы және әрпі сауат ашу ашық сабақ қ дыбысы бастауыш сынып

© Дереккөзі

Tags: ашық сабақ қ дыбысыбастауыш сыныпҚ дыбысы және әрпіСауат ашу

Related Posts

Бастауыш сынып

Ана тілі бойынша сабақтың жоспары (2 сынып)

Бастауыш сынып

Еңбекпен тапқан тиын

Бастауыш сынып

Ұстаз

Бастауыш сынып

Еңбектің наны тәтті

Бастауыш сынып

Тест 1 сыныптарға арналған

Бастауыш сынып

Қысқа мерзімді жоспарлар (әдебиеттік оқу 4 сынып)

Бастауыш сынып

М. Әлімбаев «Әнші Әміре»

Бастауыш сынып

Абылай хан

Бастауыш сынып

Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021