Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту. Білімділігі: Оқушылардың үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдерін қолдану дағдыларын жетілдіру
Дамытушылығы: Оқушылардың математикалық тілін, салыстыру талдау біліктілігін дамыту
Тәрбиелілігі: Оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылығын арттыру
Әдісі: Сто топтық жұмыс, практикалық
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, сандар мен цифрлар,
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен –
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз
Балалар бүгінгі сабақ ерекше өткелі отыр. 2 топқа бөлініп, ойын түрінде жұмыс жүргізіледі.
Қазақстан – қарқындап дамып, біртіндеп байып келе жатқан тәуелсіз ел. Ал баю үшін ерінбей еңбектену қажет. Өзің ұнатқан не жаңа бір істі ашып, айналыспақшысың. Саған не керек? – Ақшаны қайдан аласың? – Ал банк – мемлекеттік мекеме.
– Банк немен айналысады? – Жалақы береді. – Қаламызда қандай банктер бар?
Халық банк 1 – топ, Тұран әлем – 2 топ
-Банкінің басшысы кім? /банкир, банкіші/ – Ал келіп отырған қонақтарымыз сіздердің жұмыстарыңызды сыртынан бақылап отыратын салық полициясы.
Үй тапсырмасын тексеру. Өзара тексеру, бағалау
242бет № 12тапсырма

ІІ. Жаңа сабақ.
1 – тапсырма Амалдарды орындау
102*4=408
232*2=464
412*2=824
231*3=693

2 – тапсырма Ойлан тап: «Қалып қойған сандарды орнына қой» ойыны
124*2=248
213*2=436
402*2=804
312*3=936

3 – тапсырма Ауызша орындау «Кім жылдам?»- ойыны
А: 2=432
432*2=864

4 – тапсырма Өз бетімен жұмыс
2м 2дм 1см*3=6м 6дм 3см
1м 3дм 2см *2=2м 6дм 4см

Сергіту сәті
Есептедік шаршадық Орнымыздан тұрайық. Қимылдатып аяқты, Шапалақты ұрайық.
Отырайық, тұрайық, Соқтығысып қалмайық.
Сәл демалып алған соң Жазуды қайта жалғайық

5 – тапсырма Салыстыру
113*3880
321*3>1000 – 100
402*2>600+200
7 – тапсырма Өрнектің мәнін тап
8^(2 ): 2^(3 )=64: 8=8
6^(2 ) 〖+8〗^2 =36+64=100
2^(3 ):*〖10〗^2=8*100=800
8 – тапсырма Есепті шығар
Шарты: ————————– Шешуі:
Болды:- 1000тг ————— 1000 -(342*2)=316
342 тг – 2 бас к
Қалды -? ———————— Жауабы: 316 тг қалды

9 – тапсырма
Шарты ————————– Шешуі:
Болды – 3 аңшы ————- 3*(20*6)=360
Әрқайсысында – 20оқ 6 қ ——– Барлығы: 360 оқ болды
Барлығы -?

10 – тапсырма
А=6см —————————— b=6cm: 3=2cm
В=?. 3 есе кем ——————- P=(6cm+2cm)*2=16cm
Р=? S=? —————————- S=6cm*2cm=12 cm
Сауалнама
Ү. Сабақты қорытындылау
Банктер қанша қаржы жинады екен? Есептеп жіберейік.
Өте жақсы – «болашақ банкир»
«Талапкер»- медалін тапсыру
ҮІ. Бағалау ҮІІ. Үйге тапсырма 243бет № 6, 12 тапсырма


Үш таңбалы сандар бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту математикадан сабақ жоспары

© Дереккөзі

To Top