Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу

Математика 3 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайыңда түсінік беру.
2) Есептеу, есте сақтау қабілетін ой – өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
3) Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Альтернативті сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік, проблемалық;
Пб: Ана тілі, қазақ тілі, еңбекке баулу, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жауқазын гүлі, слайдтар

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сабаққа назарын аудару.
– Балалар қазір математика сабағы. Сабаққа керекті құрал жабдықтарыңды алып, оқушы ережесіне сай түзу отырамыз. Бүгін бізде ерекше сабақ. Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр. Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге тек қана сәттілік тілеймін.

2. Психологиялық дайындық
(Шаттық шеңбер құру арқылы бір – бірлеріне тілек айту)
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.

3. Үй тапсырмасын тексеру.
– Үйге қандай тапсырма берілді?
№6 (Бірнеше бала оқиды, қалған оқушылар тексереді)

4. Өткенді қайталау
Тест әдісі
1. Өрнек түрінде жаз: х пен 7 – нің көбейтіндісіне 630 – дың 7 – ге бөліндісін қос.
а) х*7 – 630*7
ә) х*7+630: 7
б! х*7+630 – 7
2. Күрделі теңдеуді тап.
а) х+5=15*2
ә) х – 10=30
б) 10+5=15
3. Амалды орындап өрнектің мәнін тап: 15: 3+20
а) 35
ә) 13
б) 25
4. Қабырғалары 4 см, 5 см, 7 см үшбұрыштың периметрін тап.
а) 2 см
ә) 15см б) 16 см

ІІ Жаңа сабақ
Балалар мен бүгін үстелдің үстінен хат тауып алдым. Ол сендерге арналған ішінде бірдеңе бар сияқты. Мынау гүлдің бөлшектері ғой.(Оқушыларға көрсету)
– Ендеше хатты оқиық. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сіздің сыныпқа үлкен өтінішпен келдім. Маған сіздердің көмектеріңіз керек. Мен де сендер сияқты есептеу мен санауды үйренгім келеді. Мен жер бетіне құлпырып шыққым келеді. Маған көмектесіңіздерші.
– Мені қандай гүл деп ойлайсыздар? Көктемде алғаш күн күркірегеннен кейінгі шығатын қандай гүл? Жауқазын (балалардың жауабы)
– Ендеше біз жауқазын гүлінің жер бетіне шығуына көмектесейік.
Жауқазынның І тапсырмасы: Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгінгі біздің тақырыбымыз үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. Сабағымыздың мақсаты: Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайыңда түсінік беру. Есептеу, есте сақтау қабілетін ой – өрісін, өз бетінше
тапсырма орындау қабілетін дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Мұғалім: Жауқазынға көмектесу үшін әуелі өзіміздің білімімізді тексеріп алуымыз керек. жаңа сабақты бастамас бұрын көбейту кестесін еске түсірейік.
1*2=2 2: 2=1
2*2=4 6: 2=3
3*2=6 8: 2=4
4*2=8
Көбейту кестесін еске түсірсек мына өрнекті оқиық
134 *2 268: 2
1) 134 санының бірлігін, ондығын және жүздігін атау
1 жүзд.- 100
3 онд.- 30
4 бірл.- 4
Осылардың әрқайсысын 2 – ге көбейтеміз 100*2=200 30*2 =60 4*2 =8
Толымсыз көбейтінділердің мәндерін табамыз.
200+60+8=268
Енді осы өрнекті баған түрінде есептейік.
*134 1 – бірлігіне көбейтеміз
2 2 – ондығын көбейтеміз
268 3 – жүздігіне көбейтеміз
268*2 (шыққан санды 2 – ге бөлейік)
268 санының жүздігін, ондығын, бірлігін атайық
2 жүзд.- 200
6 онд.- 60
8 бірл.- 8 Неше толымсыз бөлінгіш шығарып алдық? (3) Осылардың әрқайсысын 2 – ге бөлеміз.
200: 2=100
60: 2=30
8: 2=4
Бөлінділердің мәндерін табайық.
100+30+4=134
Баған түрінде бөліп көрейік.
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жүктеу


Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу математика 3 сынып

© Дереккөзі

Tags: математика 3 сыныпҮш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу

Related Posts

Бастауыш сынып

Ана тілі бойынша сабақтың жоспары (2 сынып)

Бастауыш сынып

Еңбекпен тапқан тиын

Бастауыш сынып

Ұстаз

Бастауыш сынып

Еңбектің наны тәтті

Бастауыш сынып

Тест 1 сыныптарға арналған

Бастауыш сынып

Қысқа мерзімді жоспарлар (әдебиеттік оқу 4 сынып)

Бастауыш сынып

М. Әлімбаев «Әнші Әміре»

Бастауыш сынып

Абылай хан

Бастауыш сынып

Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021