Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Ұлттық киім: Шапан

Топ: 2 – кіші топ
Білім беру саласы Қатынас
Бөлімі Тіл дамтыу
Тақырып: Ұлттық киімдер
▪ а) Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру.
ә) Балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана – сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
▪ түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап
Технология: «Тәй – тәй» технологиясы
Қажетті құралдар: шапан, қоржын, ұлттық киімдер үлгісі және суреттері, желім.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру – оятушылық
Амандасу шеңберін ұйымдастырады.
▪ Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бәріміз бір – бірлеріміздің қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер жасап тұрайық.
▪ Балалар, біз таңертеңгісін ұйқыдан тұрғанда алдымен қай жаққа қараймыз?
▪ Онда нені көреміз?
▪ Дұрыс айтасыңдар.
▪ Егер олар жарқырап нұрын шашып тұрса, қалай қуанамыз?
▪ Олай болса, балалар, бәріміз қуанып, жаңа күнді қарсы алып, шеңбер жасап отыра қалайықшы.
▪ Қыз бала қалай отырады, ұл бала қалай отырады?
▪ Қане, балалар, қолдарымызды бір – бірімізге түйістіріп көрейікші.
▪ Не сезіп тұрсыңдар?
▪ Осы алақан жылулары арқылы бір – бірімізге игі тілектер мен жылы лебіздер білдірейік.
▪ Көп жасаңдар. Айтқан тілек сөздерің қабыл болсын, ниеттеріңе жетіңдер!
▪ Ал қоржынның қалтасында не бар екен, оны да алып көрейікші. Қане, балалар, кім айтады, мынау қандай зат?
▪ Дұрыс біз бүгін қазақтың ұлттық киімі – шапанмен таныс боламыз. Балалар жыл мезгіліне байланысты шапанның бірнеше түрі болады.
Шолақ жеңді, ұзын жеңді шапан, ал қыс кезінде киетін қалыңдау түрін – шекпен деп атайды. Шапанның ұзын да, қысқа да түрлері болады.
▪ Балалар, шапанды ұстап көріңдер, неден жасалады екен?
▪ Шапанның түсі қандай екен?
▪ Шапанның шеті немен безендірілген?
▪ Шапанды кімдер киеді?
▪ Балалар, шапанды біз қандай мерекеде киеміз?

Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Тәрбиеші: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова
Ұлттық киім: Шапан жүктеу


Ұлттық киім шапан қазақтың ұлттық киімдері қоржын ұлттық киімдер үлгісі

© Дереккөзі

Continue Reading
To Top