Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Ұ дыбысы мен әріпі

Ұ ұ дыбысы мен әріпі.
Мақсаты: Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол әріп арқылы берілген оқу мен жазуға үйрету. Ұ дыбысына байланысты сөздер ойлатып талдау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды партада дұрыс отыруға, сауатты, қатесіз, таза, Коллиграфиясын сақтап жазуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріп, түрлі түсті бор, Ұ дыбысының баспа және жазба түрі, кадоскоп, плакат.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Психологиялық дайындық.
Отан – қамқор анамыз,
Біз бақытты баламыз.

2. «Аттарды баптау» ойыны.
– Қазанның 25 күні ауылда ат жарыс болады. Сол жарысқа аттарды баптап дайындауға көмектесуміз керек. Әр аттың өз тапсырмасы бар, сол тапсырманы орындаумыз керек. Сода көмектескеніміз болады.
Тапсырма: 1. Жауын сөзін кепе әріппен құрастыру.
Дыбыстық талдау жаса.
2. Жылқы сөзін тақтаға әр түсті бормен жазу, буынға бөлу.
3. Берілген сурет атауын атау. Сурет бойынша сөйлем құру.
Сөйлем сызбасын сызу.

3. Жаңа сабақ: Жұмбақ.
Темір құсты алып батпан,
Көк аспанда қалықтатқан.
Ағаларды кімдер дейді,
Алдымен тез тауып мақтан. (ұшқыш)
– Ұшқыш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
– Олай болса, біз бүгін Ұ ұ дыбысымен танысымыз.
– Бәріміз Ұ дыбысын айтып көрейік.
– Ол қандай дыбыс?
– Жуан дыбысты дыбыс.
– Оны қайдан білдіңдер?
– Созып айтуға болады.
– Қай үйге кіргіземіз?
– Қызыл үйге кіргіземіз.

4. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ұ дыбысына сөз ойлату.
– Ойлаған сөздерді қима әріптен құрату.
Ұн, құс, ұшқыш.
– Ұ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі екен.
– Сөз басында, ортасында келеді.

5. Ұйқасын тап.
Ұр – ұр – ұр Ұқ – ұқ – ұқ
Бекарыс бұрышқа тұр Басыңды төмен бұқ

6. Оқулықпен жұмыс
– Сурет бойынша сөйлем ойлату.
– Бағандағы сөздерді оқыту. Мағынасын түсіндіру.
– Тізбектей оқыту.
– Түсінгенін айтқызу.

7. Дәптермен жұмыс. Ұ, ұ әрпінің жазылу элементтерін түсіндіру. Ауаға жазып саусақтарын жаттықтыру.

8. Диктант жазу.
Ұн. ұр, ұш, құс, ұт.
9. Сабақты бекіту.
«Кім шапшаң» ойыны. Кадаскоп.
Тірек сызба арқылы бір буыннан бірнеше сөз құрау.

Қорытындылау: Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
10. Бағалау.

ОҚО, Шымкент қаласы,
Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы,
Атамекен ауылы, «Жібек жолы» жалпы орта мектебі
бастауыш пәні мұғалімі Миманжораева Гүлжан Қуанышқызы

Ұ дыбысы мен әріпі. жүктеу


Ұ дыбысы мен әріпі ашық сабақ сауат ашу бастауыш сыныптарына арналған

© Дереккөзі

Tags: Ашық сабақбастауыш сыныптарына арналғанСауат ашуҰ дыбысы мен әріпі

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021