Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Әбу Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»

Ана тілі (3 – сынып)
Тақырыбы: Әбу Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»
Мақсаты:
 Білімділігі: Күй атасы Құрманғазы туралы білетіндерін ой қозғау арқылы іздендіріп, жаңа мағлұматпен толықтырып шығарманың мазмұнын түсінуге, негізгі ойды анықтауға жетелеу;
 Дамытушылығы: Жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін және таным мүмкіндіктерін молайту;
 Тәрбиелілігі: Бабалар өмірінің келер ұрпаққа өнеге екендігін ұғындыру, өнерді бағалауға тәрбиелеу

Қызығушылықты ояту
Сыныпты күй, халық, мұра, аманат сөздерімен 4 топқа бөлу.
Топтық жұмыстың ережесін таныстыру, сабақ мақсатын хабарлау.
«Адай» күйін тыңдау
«Ой қозғау» сұрақтары
– Күйден қандай әсер алдыңыздар?
– Күй дегеніміз не, шығарушысы, орындау шысы туралы не білеміз?
– Қандай күйшілерді білеміз?
Білетіндеріңізді ойланып, ББҮ кестесінің «Білемін» бөлігіне жазыңыздар

Мағынаны тани білу
ББҮ кестесінің «Білгім келеді» бөлігін нені білгісі келетіні туралы мәліметтермен толтыру Автор туралы мағлұмат беру «Халыққа жеткіз күйімді» мәтінін таспадан тыңдай отырып бөліктерге бөлу
– Ашулы толқын
– Күймен үндестік
– Күйді жалғау
– Аманат
Сөздікпен жұмыс:
Арындап – қатты екпінмен.
Жас гүл, жас қызғалдақ бұл жерде: – жас қыз
Қаһары – ызасы, кегі
Мұра – күйлері
Топтық жұмыс:
І топ: Мәтіннің 1, 2 азат жолдарын оқып, тақырып қойып, мазмұндау.
ІІ топ: Құрманғазы мен жас гүлдің әңгімесін сахналау.
ІІІ топ: Мәтіннің соңғы бөлігін «Күй – халық қазынасы»
мағлұматымен толықтырып, ой бөлісу.
ІV топ: “Ат тұяғын тай басар» тақырыбына ой қозғау.

Ой толғаныс
Жинақтаған білімдерін ББҮ кестесініңбөлігіне толтыру
Шығармашылық жұмыс
І топ: «Халық мұрасын қастерлейік» эссе жазу
ІІ топ: Мәтін мазмұнына сай сурет салу
ІІІ топ: «Күй» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру
ІV топ: «Ұйқасын тап» өлеңнің ұйқасын тауып ой қорыту

Бағалау
Топтарды, жеке оқушыны
Үй жұмысы
Мәтінді мазмұндау
Жаңа мәліметтер жинау


Ана тілі 3 сынып халыққа жеткіз күйімді Әбу Сәрсенбаев

© Дереккөзі

To Top