Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Әнші төлдер

Ақтау қаласы №21 орта мектеп.
бастауыш сынып мұғалімі Жұмасатова Ғайни

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Әнші төлдер 37 – 38 жаттығу.

Мақсаты: а) Дауысты дыбыстар туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіру, жіңішке дауысты дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау.
ә) Төрт түлік мал туралы түсінік беру оның пайдасы, қасиеттері туралы әңгімелеу. Сөздік қорын, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) Білімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, малды күту, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекі құралдар: Төрт түлік малдың суреті, дауысты дыбыстар.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап түсіндіру.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық

Біз кішкентай баламыз.
Мектепке күнде барамыз.
Сабақтан біз қалмаймыз.
Бағасыз үйге бармаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Топтастыру стратегиясы.

а) Төлдер өлеңді жатқа айту.
ә) Төрт түлік туралы шығарма оқу.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау стратегиясы.
Олай болса, біз бүгін төрт түлік туралы білімімізді әрі қарай жалғастырамыз, жіңішке дауысты дыбыстарды жаттығу орындау барысында қайталаймыз.
Дәптермен жұмыс. 37 – жаттығу.
Қой, ешкі, серке, түйе, тоқты, теке, саулық.

38 – жаттығу.
Өрісте.
Мал өрісте. Далада шөп мол. Шөпті жерде ешкі, қой семіреді. Мал күйлі болса, қыстан жүдемей шығады.

Балалар биылғы жыл қалай аталады?
– Қой жылы.

Оқулықтан оқып беру.
Оқушыларға оқыту.
Сергіту жаттығуы.
Слайд көрсету.
Қорыту.
Нені үйрендім? Нені білдім?

Толық нұсқасын жүктеу


Әнші төлдер дауысты дыбыстар төрт түлі жіңішке дауысты дыбыстар ана тілінен сабақ

© Дереккөзі

To Top