Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Әріпті және санды өрнектер

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Баршақұм орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Шамбаева Акзада Боранбаевна

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Әріпті және санды өрнектер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға санды және әріпті өрнектер туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, гүлдер, тест тапсырмалары
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, сурет, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
5 – мысал. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:
70 мин = 1 сағ 60 мин ————– 2 тәу= 48 сағ
5 дм 6 см = 56 см —————— 1 сағ 30 мин = 90 мин
2 тәу 5 сағ 53 сағ ————– 67 см = 6 дм 7 см

III. Жаңа сабақты түсіндіру бөлім.
1. «Суретті жұмбақ» Балалар суретте не жасырынған? Ненің суреті? Нелерден құралған? (Оқушылар суретте жасырынған сандарды атайды).
33 + 33=
– Балалар бұл не?
– (қосынды, өрнек, 33 + 33)
– Дұрыс, жалпы айтқанда бұл өрнек. Және әртүрлі өрнектер болады. Сондықтан бұл өрнек, оның ішінде қосынды. Қане, айтыңдаршы бұл неге қосынды деп аталады? (+)
– Яғни бұл өрнек сандардан және қосу таңбасынан құралған екен.
– Енді 9 бен 8 сандарының айырмасын жазайық (9 – 8)
– Математикада белгісіз санның орнына «әріп» жазады, яғни а + 4; 4 +а; 4 – а; а – 4; Мұндай құрамында әріпті бар өрнекті «Әріпті өрнек» деп атаймыз.

2. «Ой қозғау»
– Тіршілік атаулының бәрі нелер болмаса тіршілік ете алмайды?
– Ауа, жарық, су, жылу.
– Олай болса балалар, біздер бүгін «Ерте, ерте, ерте…» деген тақырыпта суретті әңгіме құрастырамыз. Ол үшін суреттің артындағы тапсырмаларды орындаймыз.
Осыдан көп жыл бұрын су болмапты.
(Құстар) 1 – тапсырма (ауызша)
42 + 3
20 + 45
90+ 8
80+13
4 + 41
30 + 35
80 + 18
61 + 32
(Ағаштар) 2 – тапсырма (Дәптермен жұмыс)
40 + (56 – 43) = 40 + 13 =53 ——– (78 – 46)+3=32+3=35
17+(20+2) =17+22=39 ————— (35+24)- 24 = 59 – 24=35
(80 – 50)- 20=30 – 20=10 ———— 90 – (70 – 30)= 90 – 40=50

(Гүлдер) 3 – тапсырма (Сөз есеп)
Барлығы – 55
Қызыл – 12
Көк – 20
С: Үрленбеген неше шар қалды?
Ш: 55 – (12 + 20) =55 – 32 = 23
(55 – 12) – 20 = 43 – 20 = 23
(55 – 20 )- 12 = 35 – 12 = 23
Ж: Үрленбеген 23 шар қалды.
(Торғай) 4 – тапсырма (ауызша)
Есеп бойынша өрнек құрастыр және жаз: a – b
(Күн) 5 – тапсырма (жазбаша)
Ш: Бір қабатты үй – 18
Екі қабатты үй -? кем
С: Барлығы неше қабатты үй салды?
Ш: 18 – 8=10
18+10=28
Ж: Барлығы 28 қабатты жаңа үй салынды.
(Күн) 6 – тапсырма (өз бетімен жұмыс)
Кестені пайдаланып, өрнек құрастыр және шығар. Олардың мәнін тап.
(13+22)+(40 – 30)= 35+10=25
(33+4)+(45 – 5)= 37+40=77
(17 + 12)+ (50 – 30)=29+20 =49

IV. Қорытынды бөлім
(Көл) (жұптық жұмыс)
Графикалық тест
Сенің алдыңда үш жұмбақ хат тұр. Жазу кезінде олардың әрқайсысынан сандар жоғалған. Сандардың орналасу заңдылығын анықтап, әр хаттағы тұрған санды ата.
3 6 9 12 15
36 32 28 24
12 22 33 44 45

(Бұлт) Үйге тапсырма. № 4
(Табиғат) Бағалау


Әріпті және санды өрнектер математика 2 сынып бастауыш сыныптарының есептері

© Дереккөзі

To Top