Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Әр түрлі есептерді шығару

Тақырыбы: Әр түрлі есептерді шығару
Мақсаты: 1) Дамыта оқыту технологиясының элементтерін қолдана отырып, балалардың өз беттерінше жұмыс істеуге, қорытынды жасай білуге, дағдыландыру, шығармашылық ойларын өсіру;
2) Сабақтың мазмұнын ойынмен ұштастыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру, күрделі логикалық тапсырмалар орындата отырып, ақыл – ойын, математикалық ой – өрістерін кеңейту;
3) Оқушыларды тәртіптілікке, ұжымшылдыққа, жауапкершіліке, өзін – өзі бағалауға, өзіне және өзгеге сыни көзбен қарауға тәрбиелеу.
Типі: білім, әскерлік, дағдыларын дамыту сабағы
Әдісі: индукция, жаттығу, ой – толғаныс, топтастыру, мәселелік, эвристикалық.
Көрнекілігі: кестелер, қима қағаздар
Кезеңдері

Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Арифметикалық диктант
Оқушылармен амандасып, өзімді таныстыру. Жаңа сабақты бастауға психологиялық ахуал жасау.
1) І – Қосылғышы – 685, ІІ – қосылғышы – 15, қосындының мәні -?
685+15=□
685+15=700
2) азайғыш -?; азайтқыш – 264; айырманың мәні – 100
□ – 264=100
364 – 264=100
3) І – көбейткіш – 2; ІІ – көбейткіш -?; көбейтіндінің мәні – 18
2 * □=18
2 * 9=18
4) бөлінгіш – 36; бөлгіш – 4; бөліндінің мәні -?
36: 4=□
36: 4=9

ІІ. Білімдерін жан – жақты тексеру
Сұрақтар:
1) арифметикалық амалдарды ата.
2) Көбейту мен қосуға кері амалдарды ата.
3) 0 – ге қалай көбейтеміз?
4) 1 – ге қалай көбейтеміз?
5) 0 – ді натурал санға бөлгенде неше болады?
6) 1: 0 неше болады?
7) Геометриялық фигураларды ата.
8) Төртбұрыштың туыстарын ата.
9) Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
10) Ені 5 см, үзындығы 2 см төртбұрыш берілген. Оның периметрі неше тең?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Бастауыш сынып математика есептер шығару қорытынды сабақ

© Дереккөзі

To Top