Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін | Бастауыш сынып

Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін.
Мақсаты: оқушыларға мысалдағы негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Міндеттері: 1. Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңдегі негізгі идеяны айта білуге үйрету.
2. Ой – өрісін, танымын, өздігінен жұмыс істей білу қабілетін дамыту.
3. Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, кесте.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап; мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу, сөздік жұмыс, ой қозғау, салыстыру, дәлелдеу.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау. төрт топқа бөлу.
Психологиялық даярлық.
Мұғалім. Балалар (хормен)
– Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.
– Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
– Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
– Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Еліктің лағы.
– Мәтін бөліктерін мазмұндау.
– Сұрақтарға жауап беру.
– Аңшы неге ызаланды, неге көңілденді?
– Аңшы елікті неліктен атпады?

3. Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешейік.
Бұлаңдаған құйрығы –
Бір алдарлық қулығы (Түлкі).

Ағаштан – ағашқа секіреді.
Еш зияны жоқ, жаңғақ жинап жүреді. (Тиін)
(Тақтаға түлкі мен тиін көрінісі бейнеленген суретті іліп қою)
– Бұл екеуі неге жатады?
– Аңдар неге тірі табиғатқа жатады?
– Өйткені өсіп – өніп көбейеді.
– Дұрыс. Олай болса, бүгін біз Абдірахман Асылбековтың «Түлкі мен тиін» жайлы өлеңін өтеміз.
Автор жайлы тоқталып айту.
Мысалдың авторы Әбдірахман Асылбеков – 1 – мамыр 1938 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы шықты. Содан бергі мерзімде 24 жыр кітабы жарық көрді. 300 – ден астам өлең жазған.
Ақын әнге сөз жазады, кейде мысал да жазады. Мектепте мұғалім, қазақ радиосында әдеби қызметкер болып жұмыс істеген. « Алтын дән», «Сиқырлы сыбызғы», «Балбұлақ» ертегілерін жазған. Аңыздар, өлеңдер, сатиралық өлеңдер жазған.

4. Жаңа мағынаны таныту.
Бүгін біз халық ауыз әдебиеті туралы түсінігімізді кеңейте отырып, оның тағы бір саласымен танысамыз. Халық ауыз әдебиетіне: Мақал – мәтел, жұмбақ, ертегі жаңылтпаш, мысал жатады.
Балалар:
– Мысал дегеніміз не?
– Адам бойында кездесетін қылықтарды заттың, түрлі жансыздардың, жануарлардың кейпіне салып, әшкерелеу.
Мысал – көбінесе жағымсыз әрекеттерді сынауға, шенеуге құрылады. 1. Мұғалімнің өлеңді оқуы.
2. Өлең ішінде кездесетін кейбір сөздердің ұғымы түсінікті болу үшін сөздік
жұмыс жүргізу.
Қиыр – алыс.
Маң – өте жақын жер.
Жайрады – сұлап жатты, өліп жатты.
3. Сұрақтар қою.
– Мысал не туралы?
– Қандай қылық суреттелген?
– Қай аңның айласы басым болды?

5. Оқулықпен жұмыс.
1. Оқушыларға өлеңді өз бетінше іштей оқыту.
2. Өлеңдегі негізгі ой не?
– Мақтаншақтық әдеттен аулақ болу.

6. Топпен жұмыс.
1 – топ.«Мәтінді қара сөзбен айту.».
2 – топ.«Мақтаншақтық қылығы туралы хабарлама».
3 – топ. «Мысалға сүйеніп түлкі мен тиіннің сыртқы бейнесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табу.
4 – топ. «2 мысалды салыстыр: Тәкаппар, Түлкі мен тиін.»
Әр топ жауаптарын тыңдау, бағалау.
Дәптермен жұмыс: Сөздерді дәптерге жазу.

Сергіту
1. Мәтінді рөлге бөліп оқыту.(автор, түлкі, тиін)

7. Үйге тапсырма.
Авторға, түлкіге, тиінге, мұғалімге арнау, ұсыныстар.

8. Бағалау.
Әр топ «Бағалау парағы» бойынша қорытындысын шығарып, нәтижесін айтады.
9. Рефлексия
Адам бойындағы жақсы қасиеттер: еңбекқор ақылды адал, әдепті, қамқор,
Адам бойындағы жаман қасиеттер: жалқау, айлакер, өтірікші, әдепсіз, тәртіпсіз, сатқындық.
Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін жүктеу


Әбдірахман Асылбеков түлкі мен тиін әдебиеттік оқу мақтаншақтық жағымсыз қасиеттер

© Дереккөзі

To Top