Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Өнерлі отбасы шығармашылық сайыс

Өнерлі отбасы шығармашылық сайыс (2 сынып)
Өтілетін орны: АКТ зал
Мақсаты: Ата – аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата – аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата – аналармен тұрақты қарым – қатынасын қалыптастыру. Мектеп — отбасы — бала қарым – қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.
Түрі: Ата – аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Көрнектілігі: Әр отбасына арналған слайд – шоу, бейнесюжеттер, ән, билер.
«Өнерлі отбасы» байқауының сценарийі
(музыкалық фонда көрермендер мен әділқазылар, қатысушылар орындарына отырады. Интерактивті тақтадан видео отбасы туралы көрсетіледі.)
1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата – аналар! Бүгінгі 2 «в» сынып және мектеп алды даярлық тобымен ұйымдастыруымен өткелі отырған «Өнерлі отбасы» сайысына қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші: Жылжи берші кезім емес жасқанар,
Бөгей алмас білім атты тас қамал.
Отанның аяулысы боларсың,
Отан деген отбасынан басталар!
1 – жүргізуші: Ата – ана асқар тау алдымдағы,
Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі.
Өзің берген өнеге, тәрбиеңмен
Бақыттымыз жанұя баурындағы!
2 – жүргізуші: Сайысымыз 3 айналымнан тұрады.
1 – айналым: Отбасының
2 – айналым: Өнерлі жұлдыздар
3 – айналым: Отбасым – менің тірегім
Әр айналымда 3, 4, 5 сан ұпайларымен бағаланады.

1 – жүргізуші: Әділдікпен баға берер сарыла,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық
«Өнерлі отбасын» бүгін таңдап алуға
Бүгінгі кешіміздің әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар…
1) Диретордың оқу – іс орынбасары:
2) Ата – аналар мүшесі:
3) Ата – аналар мүшесі:

2 – жүргізуші: Нұр жаусын дарындардың талабына,
Күш бітсін күн айттырар жанарына.
Сәт – сапар ал ендеше біз тілейік
Өнерлі отбасылардың қадамына

1 – жүргізуші: Өздеріңіздің қошеметтеріңізбен реттік нөмірді анықтау үшін ортамызға жанұяларды шақырайық.
(қатысушы жанұялар ортаға шығып, жарты шеңбер құрайды, әр жанұядан аналары шығып әділқазылардың алдындағы нөмірді алады, жүргізуші дауыстап әр жанұяның нөмірлерін хабарлайды да әділқазылар белгілейді.) Қатысушылар рет – ретімен жарты шеңбер құрайды да шаттық шеңбер тренингі орындалады.
Шаттық шеңбер тақпақ жолы:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты,
Бір – бірімізге сыйлайық.

2 – жүргізуші: Отбасыларымыз дайын болғанша, 2 «В» сынып оқушыларының орындауында ағылшын тілінде тамаша ән I Love you, MUMMY! Қабыл алыңыздар!
1 – жүргізуші: Ата – бабаларымыз: «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй – базар дейді». Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге байланысты.

2 – жүргізуші:
Олай болса, Бүгінгі сайысымыздың бірінші айналымы Таныстыру бастаймыз.
І. Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі
– Бұл айналымда жанұяларымыз өздерінің отбасылық визиткаларын таныстырып өтеді. Әр жанұяға айналымның соңында ұпай саны беріледі.

1 – жүргізуші: Жақсы адам кімге болсын болар пана
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
…………….- тер отбасы ортамызда.
2 – жүргізуші: Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны
……….- тер отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл.
1 – жүргізуші: Жігітке ақыл, білім жарасады,
Нағыз ер халқыменен санасады.
Сайысқа бар күшімді саламын деп
……….- тер отбасы таласады.
2 – жүргізуші: Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
……..- тер отбасын бөліп жарып.

(1 – отбасы шығып, қорғайды өздерін таныстырады, орнына отырады.)
1 – жүргізуші. Осымен 1 – айналым аяқталды. 1 – айналым бойынша жанұялар бағасына назар аударайық. Жүргізуші көрсетілген ұпайларды дауыстап оқып, айтады. Сол кезде сахнаға мектеп алды тобының бүлдіршіндері «Отбасы – бақыт мекенім» атты өздерінің суреттерін мен тақпақтарын алып шығып тақпақтарын айтады. Әділқазылардың алдына қояды.

2 – жүргізуші: Ортамызға 2 В сынып оқушысы Мақсұт Ботагөзді испан биімен шақырамыз, қабыл алыңыздар! БИ.
2 «В» сынып оқушыларының орындауында Отбасы туралы тақпақтар

Аружан: Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар,
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар –
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған әпкем бар.

Ерасыл: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегінде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!

Расул: Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.

Іңкәр: Әжем менің ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен
Аппақ әжем пәк әжем
Мейіріммен тербеткен.

Нұрбек: Жан әке, асқар тауым сен менің,
Өрлігіңнен қуат алып, келемін
Мен – тал шыбық, сен – ормансың қорғаным,
Көкке бойлап өсу менің арманым.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Өнерлі отбасы шығармашылық сайыс отбасы туралы отбасы мүшелері

© Дереккөзі

To Top