Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Өнер – өмір өрнегі | Бастауыш сынып

Өнер – өмір өрнегі
Білімділік мақсаты: адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу.
Дамытушылық мақсаты: жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету
Тәрбиелік мақсаты: өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ – жауап
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал – жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді қайталау.
Өмір – өнер
Ерік Әбіш Шер – Нұрұлы
Өнер – өзен, жан – тәніңді шаятын,
Өнер – өріс, рухыңды жаятын.
Өнер – өмір, әлдилейтін санаңды,
Өнер – өткел, серуендейтін саятың!

Адамның өмірді жасампаздықпен қабылдауын қалай байқауға болады?
«Өнерлі адамның өмірі бақытқа, шаттыққа толы» дегенге қалай қарайсыңдар?
Өнердің адам өміріне тигізетін ықпалы қандай?

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.
З. Серікқали
Көркемдік таным аясында мейлінше маңызды қызмет атқаратын аңдау, әр нәрсенің байыбын барлау қарекеті тек әсерленген көңіл – күй бабын ғана емес, сонымен бірге саналы түрде терең сезінгендік қасиетін де аңғартып тұрады.
Жасампаздық тұрғысынан дүние сырын игеру – жаратылыс шындығына әр нәрсе, әр құбылыстың мән – мағынасына талдау, саралау жолымен жай ойлана үңілу ғана емес, ол – ең алдымен күллі әсемдік әлемін, сұлулық сипатын бар табиғатыңмен беріліп жан – жақты тану, рухани жан – жылуыңмен егжей – тегжейлі сезіну. Платон мен Аристотельден бастап ғасырлар бойы адам баласы ақыл – ой, парасатымен осы дүние көркі мәселесі төңірегінде үзбей толғанып келген. Бұл тақырыпқа байланысты қазіргі заманда да пікір таласы толасып көрген емес. Мұны байыпты шешу – өмірдің бір жұмбақ тылсым құпиясын ашу деген сөз…

Өнер – өмір өрнегі. жүктеу


Өнер өмір өрнегі өмір сұлулық жақсылық адамның жасампаздық мүмкіндіктері

© Дереккөзі

To Top