Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Өрнек (қайталау)

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтар бойынша алған білімдерін тексеру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдыларын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, көрнекілік, СКТ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, топтамалар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Білімдерін жан – жақты тексеру.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) түгендеу
б) сабаққа даярлау
в) керекті құрал – жабдықтарын түгендеу
г) зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№3, 91 бет Қатені тап және түзет.
3+2= 4 5 8 – 2=5 6 10 – 2= 7 8 4 – 2= 1 2

ІІІ. Білімдерін жан – жақты тексеру.
№1, 92 бет. Оқы. Есептерді салыстыр және шығар.

а) 6 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді. Тағы 2 бала келді. Барлығы неше бала болды?
б) 8 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді. 2 бала үйіне кетті. Неше бала қалды?

Сұрақтар қою: І – топ: – Бірінші есепте не туралы айтылған?
– Есепте төбешікте сырғанап жүрген балалар туралы айтылған.
– Қанша бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді?
– 6 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді.
– Сырғанаққа тағы неше бала келді?
– Сырғанаққа 2 бала келді.
– Есепте нені сұрап тұр?
– Барлығы неше бала болғанын сұрап тұр.

Дәптермен жұмыс.
Болды – 6 бала
Келді – 2
Барлығы -? бала
Шешуі: 6+2=8
Жауабы: 8 бала.

ІІ – топ: – Екінші есепте не туралы айтылған?
– Есепте төбешікте сырғанап жүрген балалар туралы айтылған.
– Қанша бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді?
– 8 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді.
– Неше бала үйіне кетті?
– 2 бала үйіне кетті.
– Есепте нені сұрап тұр?
– Неше бала қалғанын сұрап тұр.
Болды – 8 б.
Кетті – 2 б.
Қалды -? бала
Шешуі: 8 – 2=6
Жауабы: 6 бала қалды.

№3. 93 бет. Бір бағанға тура, ал екінші бағанға тура емес теңсіздіктерді жаз.
76
63
4

© Дереккөзі

To Top