Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

1 – ден 10 – ға дейінгі сандар

Қарапайым математика
Тақырыбы: 1 – ден 10 дейінгі сандар
Сабақтың мақсаты: Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
Балаларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбінің сәті.
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз.
Кілең бестік болсын!

“Мақта қыз бен мысық”
Достар, маған сендердің көмектерін керек!
Сиырдың тапсырмасы:
«Орналастыр» ойыны
Сандарды өсу ретімен орналастыр.

Ағаштың тапсырмасы:
«Кім білгіш»ойыны
2+3=
3+3=
4+3=
5+2=
6+1=
8+1=
7+2=
9+1=
5+5=

Қыздардың тапсырмасы:
«сергіту сәті»
Сылдыр, сылдыр, сырғалар,
Құлағымда ырғалар,
Оң қолымда 5 саусақ
Сол қолымда 5саусақ.
Саусақтарда сақина
1, 2, 3, 4, 5, 6,
7, 8, 9, 10
Орныңа тез қон.

Қарабұтақ орта мектебі
Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші: Тныбекова Гүлшара
1 – ден 10 – ға дейінгі сандар жүктеу


Қарапайым математика 1 – ден 10 дейінгі сандар математикадан сабақ жоспары

© Дереккөзі

To Top