Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

1 санын қосу және азайту

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп – лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі Жұмабекқызы Тымар

Сабақтың тақырыбы: 1 санын қосу және азайту
Мақсаты: 1 санын қосу және азайту тәсілімен таныстыру
Міндеті: Білімділік: сандар қатары қасиетіне сүйеніп 1 санын қосу және азайту тәсілімен танысу.
Дамытушылық: оқушылардың ауызша жылдам, дұрыс есептеуге, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, терең ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары, плакат, спикер, маркер
Техникалық құрал: компьютер, проектр
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, кубизм, ойын

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Көңіл күй ахуалы
2. Қызығушылық ояту. Топқа бөлу
3. Білімді жинақтау. Тест жұмысын жүргізу

4. Жаңа сабақ.
Ой толғау 1 тапсырма. Суретпен жұмыс. Оқулықтың суреті бойынша әңгіме жүргізіледі. Оқушылар өз беттерінше диалог құрады және өз қорытындыларын дәйектеп береді.

5. Мағынаны таны. 2 тапсырма. Қосу, азайту кестесін құру енгізіледі.
1+1=2 ————- 5+1=6 ————- 10 – 1=9 ———— 5 – 1=4
2+1=3 ————- 6+1=7 ————- 9 – 1=8 ————- 4 – 1=3
3+1=4 ————- 7+1=8 ————- 8 – 1=7 ————- 3 – 1=2
4 +1=5 ————- 8+1=9 ————- 7 – 1=6 ————- 2 – 1=1
5+1=6 ————- 9+1=10 ———— 6 – 1=5 ————- 1 – 1=0
Әр топтың жасаған жұмысымен танысу, ойын тыңдау.

6. Бекіту. Кубизм әдісі.
1. Өрнектің мәнін тап: 4+1=
2. Белгісіз қосылғышты та: *+5=10
3. Белгісіз азайғышты тап: 8 -*=3
4. Өрнектің мәнін тап: 7 – 2=
5. Өрнетерді салыстыр: 4+1 * 3
6. Өрнектерді салыстыр: 6* 5 – 1

Сергіту сәті:
7. Дәптермен жұмыс.
Қолдың моторикасын дамыту. 1 цифрын жазу дағдысын машықтандыру.

4тапсырма Өзіндік жұмыс
8. Ауызша жұмыс «Кім жылдам?»ойыны
Рефлексия – Сабақ сендерге ұнады ма? – Бүгін біз сабақта не үйрендік? Алдарыңда берілген спикерге көңіл күйіңді білдіретін бет-бейнеңді сал.
Үйге тапсырма: 5 тапсырма
Бағалау:


1 санын қосу және азайту математика 1 сынып ашық сабақ бастауыш сыныптарына

© Дереккөзі

To Top