Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

2-ге көбейту

Сабақтың тақырыбы: 2 – ге көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау және тереңдету.
Дамытушылығы: Логикалық ойлауын, жылдам есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, достыққа, тез есептеуге, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күз мезгілінің суреті, аңдар суреті, үлестірмелер, ойындар, тест.
Әдіс: Сұрақ – жауап, ойын, ой – қозғау, топпен жұмыс.
Түрі:

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.
2. Психологиялық дайындық.
Қане біздер ойлайық.
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.

3. Мақсатын түсіндіру.
– Бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабақта саяхатқа шығамыз. – Сабақта алған білімдерімізді
ортаға саламыз.

4. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жапырақ жинау» ойыны арқылы 2 – ге көбейту кестесін айтамыз.

1 – жапырақ. – Құстар жылы жаққа кетеді. 2х1
2 – жапырақ. – Күн суытады. 2х2
3 – жапырақ. – Жануарлар ұйқыға кетеді. 2х3
4 – жапырақ. – Жапырақтар сарғаяды. 2х4
5 – жапырақ. – Үйлерін ақтайды, сырлайды. 2х5
6 – жапырақ. – Жеміс жидектер жинайды. 2х6
7 – жапырақ. – Егін жинайды. 2х7
8 – жапырақ. – Жаңбыр жауады. 2х8
– Бұл құбылыстардың барлығы қай кезде болады.
«Күз мезгілінде» (2 – ге көбейту сөзі және 2х9 =18)

Жаңа сабақ
– Жаңа сабағымызда «Күзгі орманға саяхат» жасаймыз.
– Орманда қандай аңдар бар екен, олардың қысқы дайындығы қандай екенін байқайық.
– Саяхатқа шықпас бұрын 2 тапсырма 2 – ге көбейту кестесін толықтырып жазайық.
(2 – кесте тақтаға ілінеді.)
2х2 = 4 2х2 = 4
2х3 = 6 2х3 = 6
2х4 = 8 2х3 = 8
– Бұл 2 – ні көбейту мен 2 – ге көбейту кестесі екен. Кестені толтырып жазып, орманға да жеттік.
Ормандағы аюдың.
Құлпынайы көп екен
Теріп – теріп алайық.
Қалтамызға салайық.

– Қане, орманда не бар екен?
– Аю бар екен. Аю тәттілерді көп жеп семіреді де, апанына жапырақтарды төсеп, ұйқыға дайындалады.
– Қане, балалар құлпынайын теріп жіберейік.
№ 3 есеп.
6. Құлпынайдағы есептер.
– Бос тор көзде тұруға тиісті санды атау.

№ 5
Өзінше ноян
Қорқақ Не?.. (Қоян)
– Сәбіз жегім келіп тұр дейді.
– Сәбіз жинап берейік.
– Кім сәбіз жинасады?.. (3сәбізге 3 оқушыны шығарып, жаздыру)
7 х 2 = 14
2 х 2 + 2 = 6
8 х 2 = 16
2 х 6 + 2 = 14
2 х 3 = 6
2 х 8 = 16
– Өрнектерді пайдаланып, тура теңдіктер құрдық, шығардық.
№ 7
Туғаннан жаңғақ жеп жетілген.
Бұтақтан – бұтаққа секіру.
Бұл не? (Тиін)
– Тиін қысқа саңырауқұлақтарды кептіріп жинап жүр.
– Саңырауқұлақтарда теңдеулер жазылған тақтаға шығару.
2x = 16 ———— X: 3 = 2
X = 16: 2 ———- X = 2×3
X = 8 ————— X = 6
2 x 8 = 16 ——— 6: 3 = 2
– Біздер тиінге көмектесіп саңырауқұлақтарын теріп бердік.
№ 8
Өзі қу
Жүрген жері ду.
Бұл не? (Түлкі)

Түлкі түсті қақпанға.
Жортып келе жатқанда.
– Қақпаннан босатайық.
Босату үшін «Балық аулау» ойынын ойнайық. Балық суреті.
1. Шарты: 1 – 9 пияз
Ш: 9+9 =18
2 -? 9 пияз артық
Ж: 18 пияз

Шарты: Пияз – 40
Ш: 40 – 20 = 20
Сарымсаққа -? 20 – сы артық
Ж: 20 сарымсақ

– Түлкі сендерге рахмет айтуда.
– Оқушылар енді орнымыздан тұрып, саяхатымыздан қайтайық.
Оқушылар айтады.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табармыз.
Өнер білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.

5. ой қозғау.
– Балалар бүгін санды 2 – ге көбейтуге есептер шығардық. Енді 10х2 – ге көбейткенде неше шығады.? (20)
– 20 саны нені білдіреді?
– Тәуелсіздігімізге 20 – жыл толады.
– Бәрекелді! Балалар!
Бәріңе бестік баға бар.
Ел қадірін бағалар.
Міне, оқушым қаншаға
Кеңейді өріс өреміз!
Келесіде қалғанын
Тағыда айтып береміз.
Ал, қазір қош бала,
Күнделікке баға қойып береміз.- деп бағалау. (Тәуелсіздік белгісін тапсыру)

Сабақты қорытындылау.
Бағалау.


Бастауыш сынып математика 2-ге көбейту ашық сабақ

© Дереккөзі

To Top