Бәрі туралы
Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

2- сынып жаратылыстану қозғалыс сыры | Бастауыш сынып

2- сынып жаратылыстану қозғалыс сыры

2- сынып жаратылыстану қозғалыс сыры

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Бала, бала баламыз,
Бірақ біздер данамыз!
Кітап оқып, білім алып,
Бәрін біліп аламыз!
Білу және түсіну
Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Ақиқат, жалған» ойынын ойнаймыз. Берілген сұрақтарға ақиқат немесе жалған деп жауап беру.
• Қаңқа сүйектері өспейді. Жалған (өседі)
• Қаңқа адам денесін ұстап тұрмайды. Жалған (қаңқа – адам денесін ұстап тұратын сүйектердің жиынтығы )
• Ол ішкі мүшелерді қорғайды, әрі денеге пішін береді. (Ақиқат)
• Бас сүйек бастың пішінін береді. (Ақиқат)
• Қабырғалар, төс сүйек пен омыртқа кеуде қуысын құрайды. (Ақиқат)
Дискрипторлар:
 Берілген сұрақтардың ақиқат не жалған екенін ажыратады;
 Өз ойын айтып, дәлелдейді.
ҚБ: «От шашу»
ОЙ ҚОЗҒАУ
Рим цифрларын өсу ретімен орналастыру арқылы бүгінгі сабақтың тірек сөзін тауып алайық
Бұлшықет дегеніміз не?
Ол не үшін керек?
Бұлшық ет біздің ағзамыздағы негізгі мүшелердің бірі. Адамның қаңқасы өздігінен қозғала алмайды. Олар бұлшық ет арқылы қозғалады. Олардың көмегімен біз секіреміз, жүгіреміз, ойнаймыз, жазамыз, доп лақтырамыз. Адам денесінде 650 – дей бұлшық ет орналасқан. Бұлшық еттердің түрлері көп. Ауыр және қиын жұмыс жасауға арналған үлкен бұлшық еттер және жеңіл жұмыс жасауға арналған кіші бұлшықеттер болады. Адам күлгенде 17 бұлшық ет, ал қабағын түйгенде 46 бұлшық ет жұмыс жасайды.
Ең күшті бұлшық ет шайнау бұлшық еті, ал ең кішкентай бұлшық ет құлақтың ішінде орналасқан екен.
КІТАППЕН ЖҰМЫС
• Кітаптағы суретке зер салайық.
• Бұлшық ет адамның қай жерінде орналасқан.
• Олар қандай?
АРҚАНДЫ көрсету
Бұлшықеттер бірнеше жіңішке жіптерден орналасқан. Олар сүйекке бекіп, оны қозғалысқа келтіреді.
1 – тапсырма: (ТЖ) Суреттегі бұлшық еттерге қара. Олар қандай? Сипатта. Қайда орналасқан?
Дескриптор:
1. Бұлшықеттердің қызметі туралы айтады;
2. Бұлшықеттердің қайда орналасқанын анықтайды;
3. Бұлшықеттердің үшін керектігін түсінеді;
4. Бір – бірінің пікірін тыңдап, қорытындылайды;
ҚБ «Бағдаршам»
Қолдану
Зерттеу жұмысы
Сендердің алдарыңда дайын қолдың макеті берілген. Макетте бекітіліп тұрған резеңке бұл бұлшық ет. Жұппен бірлесе отырып, бұлшық ет қалай жұмыс жасайды сұрағына жауап іздейсіңдер. Қол қимылдағанда резеңке ұзындығы қалай өзгереді?
2 – тапсырма: (ЖЖ) Бұлшық еттер қалай жұмыс істейді? «Зертте»
Дескриптор:
1. Дененің кейбір бөліктерін және қызметін атап, көрсете біледі;
2. Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтайды;
3. Тірек – қимыл аппаратының құрылысы мен қызметі туралы біледі;
ҚБ «Бас бармақ»
Сергіту сәті
Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.
3 – тапсырма: (ҰЖ) «Сен білесің бе?»
Дескриптор:
1. Адам ағзасындағы ең күшті бұлшықетті атайды;
2. Бұлшықеттердің қызметі туралы әңгімелейді;
ҚБ «Смайлик»
«Қимыл – қозғалыс – бұл өмір», деп Вольтер айтып кеткен. Шынында да, адам о бастан қимылға бейімделген, бәлкім табиғат шешкен болар. Біз сондықтан жүреміз, жүгіреміз, секіреміз, жүземіз, күнде мыңдаған әртүрлі қимыл жасап, еңкейіп, тік тұрамыз. Мұның барлығын сүйек – бұлшық ет жүйесі немесе тірек – қимыл аппараты қамтамасыз ететіндігіне көз жеткіздік деп ойлаймын.
Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы сабақ түсінгенін, не түсінбегенін білдіру.

2- сынып жаратылыстану қозғалыс сыры бұлшық ет

© Дереккөзі

Tags: 2- сынып жаратылыстану2- сынып жаратылыстану қозғалыс сырыбұлшық етқозғалыс сыры

Related Posts

Бастауыш сынып

Алматы – менің сүйікті қалам | Бастауыш сынып

Бастауыш сынып

Сөйлем түрлері. Пысықтау сабағы | Бастауыш сынып

Бастауыш сынып

Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары | Бастауыш сынып

Бастауыш сынып

Көптаңбалы сандар | Бастауыш сынып

Бастауыш сынып

Қазақ тілінен күнтізбелік – тақырыптық жоспар. 4 сынып | Бастауыш сынып

Бастауыш сынып

Өсімдіктерді қалай қорғау керек? | Бастауыш сынып

Бастауыш сынып

Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер. | Бастауыш сынып

Бастауыш сынып

И, й әріптерінің жазылуы | Бастауыш сынып

Бастауыш сынып

И, й әріптерінің жазылуы. | Бастауыш сынып

Бастауыш сынып

Жемістер мен көкөністер | Бастауыш сынып

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021