Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

381 – 384 жаттығу жұмыстары

Сабақтың тақырыбы: 381 – 384 жаттығу жұмыстары

Мақсаты:
Білімділік: Сан есім туралы алған білім, білік дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылармен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау. Оқушылардың теориялық және практикалық білім дәрежесін байқау.
Дамытушылық: Өз бетінше орындауға, ізденуге, зерттеуге үйрету. Сын тұрғысынан ойлау және шығармашылық қабілеттерін арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жинақтау, қорыту сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойландыру.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, математикалық таблица, қима
Қағаздар, тест тапсырмасы.
Пәнаралық байланысы: Математика, Ана тілі.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
а) Психологиялық дайындық:
Біз балдырған ұланбыз,
Бестік болсын алған бағамыз.
Білімменен сусындап
Биікке самғар құранбыз
Ә) сабақтың мақсатын айту.
2. Үй тапсырмасын тексерту. 380 – жаттығу
Топтастыру стратегиясы
Сөз таптары → Зат есім Сын есім, Сан есім

Ерте, ерте, ертеде қазақ тілі жерінде морфология елінде «Сөз табы» деген асыл қария өмір сүріпті. Оның дүниені дүр сілкіндірген тоғыз ұлы болыпты. Олардың өсіп өнуіне басқыншылар кедергі жасапты. Бірақ қайсар ұлдар ғасырға жуық уақыттан кейін қайта өрлеп өз тәуелсіздігін алған екен. Сол «сөз табының» бір ұлдары сендердің алдарыңда. Ол үшін мына тақтадағы кестеде жасырын сөзді қосу кесте арқылы тауып көрейік.
Математикалық кестені шешу.
10 17 12 14 18 11 13
С ы н е с і м
3. Жаңа сабақ:
а) Тақтамен жұмыс: Күннің жадын жазу.
Көркем жазу. Ж
Ж дыбысы қандай дыбыс.
Ұяң, дауыссыз
Олай болса балалар Ж дыбысын бір – бір сөз жазайық.

Ә) Оқулықпен жұмыс: Жаттығулар орындау.
Таза ауа. Ақ мата. Жазық дала. Жақсы бала.
382 – жаттығу
Сұрақтардың орнына сын есімді қою.
Қандай бөлме?- Таза бөлме.
Қандай су?- Мөлдір су.
Қандай көше?- Кең көше

383 – жаттығу
Сын есімді табу.
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті
(қарбыз)

4. Шығармашылық тапсырма:
Әр қатарға тапсырма беру.
1 – қатар. Сын есімі бар мақал мәтел жазу.
2 – қатар. Көктем мезгіліне байланысты, сын есімді қатыстырып әңгіме жазу.
3 – қатар. Өлеңнің ұйқасын табу.
Үйге тапсырма беру. 384 – жаттығу
Сабақты қорытындылау
Топтық жұмыс
Сын есім

Сөз табы
Түр түсін
Сынын сапасын
Қандай? Қай?

Бағалау.
3 оқушыға оқыту, сын естапсыру, ережесін сұрау.
Тест тапсырмасын алу
1. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)
2. Сөздердің қайсысы сын есім? (Әдемі)
3. Сөздердің қайсысы зат есім (Қалам)
4. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? (Қандай? Қай?)
5. сөздердің қайсысы дара етістік? (Жазды)
6. сөз таптарына нелер жатады? (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Етістік)
7. Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздер)
8. Зат есімнің неше түрі бар? (4)
9. Етістік дегеніміз не? (Іс – қимылды білдіретін сөздер)
10. Етістіктің неше түрі бар? (2)


Сөз табы зат есім сын есім сан есім етістік бастауыш сынып қазақ тілі ашық сабақ

© Дереккөзі

To Top