Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

7-ге көбейту және бөлу кестесі

Сабақтың тақырыбы: 7 – ге көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты: 7 – ге көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру
Міндеттері:
Білімділік: 7 – ге көбейту және бөлудің кестелік жағдайын
ұғындыру; көбейту кестесін құруда көбейтудің
ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың білім, білік, дағдыларымен пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлауларын дамыту;
Тәрбиелік: Жүйелі ойлай білуге, ата – дәстүрді сақтауға
жан – жақты тәрбиелеу;
Түзетушілік: Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеуі мен жазуын түзету;
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, топтастыру, көрнекілік, талдау, жинақтау
Өткізілу формасы: Саяхат сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, 7 санына байланысты видео
роликтер сызбалар, суреттер
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық

Бүгін қай күн? Сейсенбі
Ертең қай күн? Сәрсенбі
Оят онда Сейсенді
Оят онда Сәрсенді
Сабағынан қалмасын
Қайырлы күн балалар
Қайырлы күн мұғалімдер
Тыныш болып түніміз
Ашық болып күніміз
Сәттілікке толсын ай!

II. Үй тапсырмасын тексеру
М. №5 есеп Кесте бойынша есеп құрастыр.

Бағасы Саны Құны
9 теңге 3 дана? теңге
5 теңге? дана 30 теңге
? теңге 6 дана 48 теңге

Қарындаш – 9 теңге Құны – 30 теңге 6 дана дәптер – 48 теңге
3 дана -? теңге 1 өшіргіш – 5 теңге 1 дәптер -? теңге
Барлығы -? өшіргіш Ш: 48: 6=8
Ш: 9*3= 27 Ш: 30: 5=6 Ж: 8 теңге
Ж: 27 теңге Ж: 6 өшіргіш
III. Үй тапсырмасын бекіту
– Серікте 30 теңге бар. Егер 1 тоқаш 5 теңге тұрса, неше тоқаш ала алады?
– Әсел 8 теңгеден 2 қарындаш сатып алды. Ол барлығы неше ақша жұмсады?
– Әлихан 2 дәптер үшін 12 теңге төледі. 1 дәптер неше теңге тұрады?
IV. Жаңа материалды меңгерту
– Тірек, білім, білік, дағдыларын белсендіру.
«Кім тез есептейді?» ойыны.
3 бет қағазға әр қатардағы оқушылардың санына сәйкес көбейту және бөлуге мысалдар жазады. Ойыншылар соңғы партадан бастап, мысалдардың жауабын жазып, алдыңғы партадағы балаға береді.
Мысалдарды тез және дұрыс орындаған қатар жеңеді.
1 – қатар———–2 – қатар————3 – қатар
6*3=18————–6*4=24—————6*5=30
5*4=20————–5*5=25————— 5*7=35
4*8=32————–4*7=28—————4*3=12
3*5=15————–3*7=21—————3*9=27
2*10=20————-2*8=16————– 2*9=18
5*8=40————–2*6=12
М: Жақсы олай болса балалар бүгінгі күннің жадын жазып қояйық.
Біз бүгін 7 санына саяхатқа шығамыз. Яғни «7 – ге көбейту және бөлу кестесін» меңгеретін боламыз. 7 санында әр түрлі 7 – ге байланысты мәліметтер жасырылған. Сол мәліметтерді білу үшін біздер әр түрлі кедергілерден өтеміз. Ол үшін сіздер бүгінгі сабақта берілетін тапсырмаларды дұрыс орындауларын керек. Олай болса сәттілік!
Қазір біз 7 санының кестелік көбейту және бөлу түрлеріне тоқталамыз.

1 тапсырма. Оқулықтағы №2 есеп
А) 63 кг қараөрік 7 қорапқа тең бөлініп салынды. Әр қорапта қанша килограмм қараөрік бар?
63кг – 7 қорапта
1 қорапта -? Кг қараөрік
Ш: 63: 7=9
Ж: 9 кг
Ә) Шелекке жүйектен қазып алынған барлық картоптың сегізден бір бөлігі болатын 7 кг картоп салынды. Жүйектен барлығы қанша килограмм картоп жиналды?
1
Шелекке — – 7 кг картоп салынды
8
Барлығы -? кг картоп
Ш: 8*7= 56
Ж: 56 кг картоп
Б) Фермер 1 қойдан 7 кг жүн қырқады. 56 кг жүн алу үшін, ол қанша қой қырқады?
1 қойдан – 7 кг жүн
56 кг -? Қой
Ш: 56: 7=8
Ж: 8 қой
Бұл кедергідегі мәлімет «Жеті қазына»
1. Жүйрік ат. 2. Қыран бүркіт. 3. Тазы ит. 4. Мылтық. 5. Кездік. 6. Қара қақпан. 7. Сұлу әйел.
2 – тапсырма. №3 есеп. Салыстыр
3∙7=7∙3 3∙7+24 7∙3+6
7∙7 2) < б) =
3 – қатар
1. Жолақтың қандай бөлігі боялған жоқ?

А) 1 ә) 1 б) 1
— — —
4 3 5
2. Ұзындығы 6см, ені 4 см тіктөртбұрыштың ауданын тап.
А) 30 см 2 ә) 36 см2 б) 24 см2
3. Бағасы 7 теңге тұратын дәптердің 8 данасының құны қанша?
А) 56тг ә) 63 тг б) 42 тг
4. (70 – 35): 7 өрнегінің мәнін тап.
А) 5 ә) 6 б) 8
5. Домбыраның 2 ішегі бар. Осындай 6 домбырада неше ішек бар?
А) 18 ә) 12 б) 24
Бұл тест тапсырмасының артында мынадай мәлімет жасырылған екен.
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап біздің астанамыз 7 рет өзгерген екен. Сол қалалардың атын есімізге сақтап жүрейік.
Жеті астана. Сарайшық, Түркістан, Ташкент, Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана
VI. Қорытындылау
Сабақты «Ризашылық» әнімен аяқтау.
Ризамыз бүгінге,
Ризамын қазірге,
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге
VII. Үйге тапсырма беру
7 – нің көбейту кестесін жаттау. № 7 есеп, 146 бет
VIII. Бағалау. Мадақтау.
Көңіл – күй смайликтерін таңдау.


7 көбейту және бөлу кестесі

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top