Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

8 санының құрамы

АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: 8 санының құрамы
Сабақтың мақсаты: 8 санын қосып, алуды қайталау. 8санының құрамымен таныстыру.
Оқу – тәрбиенің міндеттері: Білімділік: Сандар қатарын қайталату, 8 санын қосу және алу. 8 санының құрамымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқу – танымдық, коммуникативтік, ақпараттық – технологиялық құзыреттіліктерін, ойлаудың математикалық стилін, логикалық ойлау құрылымдарын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік, экологиялық тәрбие және салт – дәстүр ұлттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты – коммуникативтік технологиясы.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайд, суреттер оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: 1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр күні
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
– Балалар мен сендерге дайындап әкелген сұрақтарым бар еді, сол сұрақтарға жауап беріп көрейікші! Ендеше «Ойлан тап» ойынын ойнайық.
1. Біздің мемлекетіміз / Қазақстан /
2. Елімізді кім басқарады? /Елбасы/
3. Елбасы кім?
4. Қазақстан мемлекеті қандай? / Тәуелсіз егеменді ел /
5. Алда қандай мереке келе жатыр? / Тәуелсіздік алған күн 16 желтоқсан /
6. Ұлтымыз және тіліміз? /қазақ /
7. Әр ұлттың ұлттық несі болады? /салт – дәстүрі/
– иә дұрыс айтасыңдар балалар.
– Олай болса бүгінгі сабағымызда осы қазақтың ұлттық ойындарын ойнайық

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
Өткенді еске түсіру «ханталапай ойыны» / асықтағы жазылған сандар арқылы сан құрамдарын еске түсіру /
Ережелерді еске түсіру.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІV. Жаңа сабақ:
«Бәйге ойыны» 1 – есеп
Шарты: қиярларды екі тарелкаға бөліп салу, яғни шапшаң тез ойлап табу.
7 1
2 6
5 3
4 4

Теңдіктер құр. Оларды оқы: / ережелерді еске түсіру/
7+1=8
6+2=8
5+3=8
8 – 1=7
8 – 2+6
8 – 3=5

«Ақсүйек ойыны»
Шарты: түн дегенде көзімізді жұмамыз, күн дегенде ашамыз. Егер ақсүйек кімнен табылса сол бала тапсырма орындайды.
2 – есеп Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.
8см 7см 6см
8см > 7см
7см > 6см
8см > 6см

«Теңге ілу» ойыны
Шарты: теңгені іліп алып, тапсырмасын орындау.
3 – есеп Берілген фигуралардан өрнектер құру:
2+1=3
4 – 2=2
3+1=4
3 – 1=2

Сергіту сәті:
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Әй, әй, балақай,
Жамандықтан қаш.
«Бүркіт салу» ойыны
Шарты: мергендікпен аңдарды көздеу. Атқан аңның тапсырмасын орындау.

4 – есеп Салыстыр:
0 6см
5 5см
8 – 5=7 – 4
2+4 0+3
7 – 4=8 – 5
8 – 3

© Дереккөзі

To Top