Connect with us

Бәрі туралы

Балаларға арналған дастархан батасы

Баталар жинағы

Балаларға арналған дастархан батасы

Балаларға арналған дастархан батасы

Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарды болсаң жасыма,
Бай болсаң, тасыма!
Бақ-дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа!
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін!

Бірлік берсін басыңа,
Береке берсін асыңа.

Әумин

 

 

Құдай жарылқасын,
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын!
Айдан аман,
жылдан есен қылып,
Үйдегі, түздегі
Мал-басты аман қылсын!
Әумин

 

Дастарханың майлы,
Көңілің жайлы болсын.
Өміріңе не тілесең,
Тілегің қабыл болсын.

 

 

Жарылқа, құдай, қабыл ет!
Жарылқаудың қамын ет!
Бай ет, мамыр ет,
Батамды мұстажап ет!
Құдайдан не тілесе,
Соны әзір ет!
Құдай тағала, мұның ақниетін
Қабыл ет! Әумин!

 

Бір құдайым оңдасын,
Оң жолыңа бастасын!
Үйіңді түрлі апаттан,
Құса-қайғыдан сақтасын!
Үміт артқан ұл қызың,
Ел сенімін ақтасын!
Аумин!

Қажетті сілтемелер:

  • Үй иесіне, шаңыраққа, дастарханға баталар мен тілектер
  • Наурыз мейрамына баталар
  • Тұсау кесер тойына баталар
  • Шілдехана бесік тойына баталар

 

Ұқсас мақалалар:
» Қысқаша баталар, жеңіл бата » Дастархан басында берілетін бата-тілектер » Бекентайдың батасы » Бата беру, ас қайыру, дастархан басында айтылатын тілектер » Дастархан, ас қайыру, тілек » Құрбан айт батасы » Үй иесіне бата

Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top